Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Ауғанстан – жазылмайтын жара»
21.02.2019

2019 жылдың 19 ақпанында Өлкетану әдебиеттері бөлімі Қостанай әлеуметтік-өлкетану колледжінде Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл толуына арналған«Ауғанстан – жазылмайтын жара» кітап көрмесін безендірді.

Көрмеге «Ауған соғысы: тарих, шындық, тағылым», «Ұмытуға болмайтын оқиға», «Соғыс жалыны шарпыған жырлар»секілді үш бөлімге біріктірілген ғылыми-көпшілік, деректі, көркем әдебиеттер қойылды.

Бірінші бөлімнің негізгі бөлігі Ауғанстан соғысының тарихы туралы, әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайжайында, 1979-1989 жж. Кеңес әскерлерінің ауған жеріндегі әскери қимылдары туралы әңгімелейтін кітаптар мен мерзімді басылымдардан алынған мақалалардан тұрды.

А. А. Ляховскийдің «Тайны афганской войны», В. А. Меримскийдің «Афганская война как это было», «Загадки афганской войны», А. Жантасовтың «Жартасты жастанған жасақ» (Қара майордың мұсылман батальоны), А. Боровиктің «Афганистан. Ещё раз про войну» кітаптары және басқалары Кеңес әскерлерінің шектеулі санының Ауғанстан жеріне келіп түскені туралы, соғыс операциялары және жауынгерлер мен офицерлердің ауыр тағдыры туралы әңгімелейді.

«Ұмытуға болмайтын оқиға» бөлімінен өздерінің интернационалдық парыздарын адал және ерлікпен атқарған қостанайлықтар туралы материалдарды табуға болады.

Көрменің үшінші бөлімінде белгілі авторлардың ауған тақырыбына арналған көркем әдебиеттері қойылған. Н.Ковтунның «Афганский фантом» және «Афганец», Коротковтың «9 рота», А. Тамониковтың «Дурманящий ветер - афгана», С. Алексиевичтің «Цинковые мальчики» кітаптары және көптеген тағы басқалары Ауғанстандағы соғыстың белгісіз беттерінен хабар береді және оқырманды болжап болмайтын оқиғалардың, іс-қимылдың, мінез-құлықтың куәсі етеді.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus