Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
#8наурыз
04.03.2019

Нина Сергеевна Олексюк 1985 жылдың 1 қыркүйегінде Қостанай қ. туған. А. И.Никифоров ат. Қостанай сурет мектебін, Қостанай педагогикалық колледжінің және ҚМПИ «Дизайн интерьера» факультетін бітірген.

Компьютерлік ойын шығарушы компанияда суретші-мультипликатор, 2D суретші болып істеді. 2011 жылдың қаңтарынан бастап А.И.Никифоров ат. Қостанай сурет мектебінде оқытушы болып істейді. Мүсін, сурет, кескіндеме, композиция, компьютерлік графика бойынша сабақ береді, балалармен бірге мультипликациямен айналысады. Ол «Компьютерлік графика и анимация» бағдарламасына лицензияланған авторлық бағдарлама және әдістемелік құрал дайындаған (2017 ж.).

Нина Сергеевна қалалық «Фестиваль аттестуемого педагога» байқауының финалисі (2017 ж.), «Разработка открытого урока» аталымы бойынша «Мир искусства» ІІІ халықаралық байқауының жеңімпазы (Мәскеу қ., 2017 ж.) болып табылады. Нина Сергеевнаның шәкірттері сурет байқаулары мен фестивальдарының бірнеше дүркін жеңімпаздары және дипломанттары болып табылады. Оның оқушылары тек 2018-2019 жж. өзінде келесідей жетістіктерге қол жеткізді:

- Влада Супруненко, Анастасия және Ксения Каримовалар «Апельсиновое солнце» анимациялық фильмдердің дипломанттары болды (Нарва қ., Эстония);

- Дарья Колотухина, Арина Чадова, Екатерина Кольчугина және Аида Үсенова осы фестивальда жылжыту техникасында үздік деп танылды;

- Айдана Кенжеғаринова Мәсеуде өткен жас таланттардың «Мосгаз зажигает звёзды» халықаралық фестивалінде ІІІ орынды иеленді;

- Дана Утевова балалар көркем шығармаларының «Лидица-2018» 46-шы халықаралық көрмесінде мақтау грамотасына ие болды (Чехия), оның жұмысы Ұлттық ауыл шаруашылығы мұражайында тұр;

- Анастасия және Ксения Каримовалар балалардың «Мульт-горой» ашық анимация фестивалінде ІІ орын алды (Красноярск қ., Ресей);

- Дана Утевова мен Артём Верко «Снегири 2018-2019», «О, Спорт - ты МИР!» халықаралық көркем шығармашылық байқау-көрмелерінде ІІІ орынды иеленді (Красноярск қ., Ресей).

Бұлардан басқа Дана Утевова мен Ксения Каримова қостанайлық жазушы Т. А. Кайгородцеваның ертегілер кітабын безендіруге қатысты.

Нина Сергеевнаның өзі де кескіндемемен, графикамен, кітаптарды безендірумен белсенді айналысады. Оған төмендегі көрмелер мен байқауларға қатысуы куә бола алады:

облыстық «Жас толқын» байқауының  «Графика» аталымы бойынша арнайы дипломы (қазан, 2013 ж.);

Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК өткен Г. М. Соков шәкірттерінің «Надежда» шығармашылық жұмыстарының көрмесіне қатысты (қаңтар, 2015 ж.);

республикалық және облыстық пленэрлердің қорытындысы бойынша бірнеше рет көрмелерге қатысты (2016-2018 жж.);

Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК өткен «Сны о чем-то большем» атты бірінші жеке көрмесі (желтоқсан, 2015 ж.);

облыстық «Жас толқын - 2016» байқауының  «Графика» аталымы бойынша 1-орын (қазан, 2016 ж.);

Қостанай қ. негізі қаланғанына 137 жыл толуына арналған «Праздничная палитра» облыстық байқауына қатысу (2016 ж.);

ҚР Суретшілер одағының мүшесі Ю. Д. Новоселовтың атаулы сыйлығы үшін өткізілген облыстық байқауда 2-орын (мамыр, 2017 ж.);

ЭКСПО-2017 арналған жас суретшілердің «Энергия весны» облыстық көрмесіне қатысу (сәуір, 2017 ж.);

 «Союз души и творчества» облыстық көрмесіне қатысу (желтоқсан, 2017 ж.);

А. И. Никифоров ат. сурет мектебінің оқушылары мен оқытушыларының «Первые шаги в искусстве» көрмесіне қатысу (қараша, 2017 ж.);

А. И. Никифоров ат. сурет мектебінің оқушылары мен оқытушылары жұмыстарының «Навстречу мечте» көрмесіне қатысу (ақпан, 2019 ж.).

Осы уақыт ішінде Нина Сергеевна 15 астам кітапты безендірді. Солардың ішінде қостанайлық жазушы А. И. Суслованың «Давай дружить», «Солнце на ресничках», «Тёплые сказки» өлеңдер мен әңгімелер жинақтары, Ю. Я. Бондаренко (Қостанай қ.) мен О. Ю. Бондаренконың (Мәскеу қ.) «Дети и мир слова» кітабы, танымал балалар жазушысы К. Матюшкинаның (Петербор қ.)  «Снумрики: Другая сторона пуговицы», «Кот да Винчи: Оборотень разрушенного замка», «Мой милый Медвежик», «Кот да Винчи: Похищение в день рождения» кітаптары, Е. Полянина мен Т. Синельникованың «Корпорация «Горыныч» или слезы принцессы Анастасии» (суретші И. Горбуновамен бірге) кітабы, К. Матюшкина мен К. Оковитаның (Петербор қ.) «С Земли на Ялмез и обратно» кітабы, қостанайлық жазушы В. А. Лоскутниковтың таңдамалы шығармалары, Қостанай облыстық ҚХА бастамасымен шығарылған «Достык туралы Ертегiлер = Сказки о дружбе» ертегілер жинағы, қостанайлық жазушы Т. А. Кайгородцеваның ертегілер кітабы және басқалар бар.

Өзінің шығармашылық жетістіктері үшін Нина Сергеевна Олексюк 2018 ж. сәуірінде «Бейнелеу өнері» аталымы бойынша Қостанай облыстық меценаттар клубының «Шабыт» сыйлығының лауреаты болды.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus