Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Әйелге әсемдік жарасады
05.03.2019

Әмбебап оқу залында наурыз айы бойы әйелдерге арналған мерекелік көрме жұмыс істейді. Мемлекет басшысы әйелдердің отбасының тірегі екендігін, яғни мемлекеттің де тірегі екендігін ерекше атап өткен болатын.  

Көрмеге өзгеге үлгі болар қазақстандық әйелдердің жетістіктері жайындағы – нәзіктігі мен назы, қылығы мен қаһары қатар жүретін әйелдердің тарихта қалған ұлы ерліктерінің үлгілері туралы материалдар қойылған.

«Әйгілі әйелдер галереясы» деп аталатын бірінші бөлімде түрлі кезеңнің есімі әлемге әйгілі болған әйелдердің өмірі мен қызметі және шығармашылығы жайында жазылған басылымдар қойылған. Бұл бөлімнің кейіпкерлері – тарихта елеулі із қалдырған әйелдер. Ол үшін олар өздерінің ең жақсы қасиеттерін – ақылын, күш-қуатын, ерік-жігерін, дарыны мен әйелдік әдемілігін пайдаланды. Олардың ішінде мемлекет қайраткерлері, жазушылар, әртістер, аналар да бар.

«Әдемілік әлемінде» деп аталатын екінші бөлім оқырмандарды тазалықтың, сұлулықтың, ізгі ниеттің бастауы және ұрпақтар сабақтастығының дәнекері болып табылатын, қоғам мен мемлекеттің өмір сүруінің негізі болып табылатын, өзінің аналық борышы мен азаматтық міндетін адал атқаратын  әйелдер жайындағы кітаптар коллекциясымен таныстырады.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus