Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Француз тіліндегі әндер байқауы
13.03.2019

15 наурызда Әмбебап оқу залы  Ө. Сұлтанғазин ат. Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің Француз мәдени орталығымен бірге Қазақстандағы Франция елшілігінің қолдау көрсетуімен 11-ші Француз тіліндегі әндердің ұлттық байқауының жартылай финалын өткізеді.

Байқауға 18 жастан 28 жасқа дейінгі жас орындаушылар қатыса алады.

Байқауға қатысу үшін кез келген француз тілінде сөйлейтін елдің авторларының әнін дайындау қажет.

Орындалатын әннің сапасын қазылар алқасы – музыка саласының мамандары мен француз тілінің оқытушылары бағалайтын болады.

Жартылай финалдың жеңімпаздары Алматыда 27 наурызда өтетін байқаудың финалында бірінші орын үшін күш сынасатын болады.    

Финалдың екі жеңімпазына басты сыйлық – Парижге тегін саяхатқа жолдама берілетін болады.

           Байланыс телефондары: 500-363, 502-527

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus