Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Қазақ рухының қамшыгері»
04.04.2019

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында ұлттық жаңғыру – ұлттық сананың кемелдендіруін айтып, қазіргі таңда ұлттық сана- сезім көкжиегін кеңейту керектігіне тоқталған болатын. Ал, осы көкжиекті кеңейтетін ақын жазушылар екені айтпаса да түсінікті. Олар халықты рухани сусындатып, саналарына ұлттық кодты сіңіруге тырысады. Ал, ұлттық код – Мәңгілік Елге бастар қадам екені анық.

Өлкетану әдебиеттері бөлімі жергілікті ақын-жазушылардың мерейтойлық күндеріне арнап әртүрлі безендірілмелі кітап көрмелерін дайындайды. Наурызда бөлімде жазушы, журналист, публицист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қоғабай Сәтенұлы Сәрсекеевтің туылғанына 80 жыл толуына арналған «Қазақ рухының қамшыгері» атты дербес кітап көрмесі безендірілді.

Екі бөлімге бөлінген кітап көрмесі Қоғабай Сәрсекеевтің қаламгер және журналист ретіндегі талантын таныта түседі. Көрмеге қаламгердің әр жылдары жазылған II томдық «Таңдамалы» шығармалары, «Портреттер» әңгіме-эсселері, «Отыз жетінші жыл» әңгімелер жинағы тағы да басқа туындылары қойылған. Сондай-ақ замандастарының қаламгер жайындағы мерзімді басылым беттерінде жарық көрген естеліктері мен лебіздері қойылған.

Көрмеге қойылған дәйексөздер, кітаптар, мақалалар Қоғабай Сәрсекеевтің қазақ әдебиетіне, қазақ баспасөзіне қосқан үлесінің мол екендігін көрсетеді.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus