Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Адамның рухани дүниесін дамыту
12.04.2019
10 сәуірде Қостанай облысының еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінде «Адамның рухани дүниесін дамыту» тақырыбымен көшпелі шара өтті. Шара аясында Өлкетану әдебиеттері бөлімінің әдеби-ақпараттық секторының меңгерушісі А. В. Олексюк департамент қызметкерлері үшін әдеп және тұлғаның өзін-өзі дамытуы бойынша жаңадан түскен әдебиеттерге шолу жасады. Бұдан кейін ол Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК жанынан жұмыс істейтін әдеби орталықтың жұмысы туралы айтып беріп, жиналғандарға қостанайлық ақын, педагог және қоғам қайраткері Александра Ильинична Суслованы таныстырды. Александра Ильинична алты кітаптың авторы, көптеген қазақстандық және халықаралық байқаулардың жеңімпазы және лауреаты, соның ішінде 2017 ж. «Әдебиет» аталымы бойынша Қостанай облысы меценаттар клубының «Қазына» сыйлығының иегері. Ол өзі туралы, шығармашылығының түрлі бағыты: отаншылдық лирикасы, сықақ өлеңдері, соғыс жайындағы өлеңдері, балаларға арналған шығармалары туралы айтып берді. Кездесу барлық қатысушылардың шынайы қызығушылығын тудырды. Кездесу соңында департамент қызметкерлері ұйымдастырушыларға пайдалы ақпараттарды және автордың орындауындағы қызықты, жүрекке жылы өлеңдер үшін алғыс білдірді.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus