Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
28.05.2019

2019 жылдың 27 мамырында Жастар сарайының концерт залында мәдениет қызметкерлері мен «Рухани қазына - 2019» республикалық байқауының жеңімпаздарын салтанатты құттықтау болып өтті. 

Облыс әкімі кәсіби мереке иелерін мерекелерімен құттықтап, мәдениет саласы қызметкерлерінің жан-тәнімен жұмыс істейтін және бастамашыл жандар екендігін, өз еңбектерімен мәңгілік құндылықтарды – туған өңіріміздің мәдени және рухани әлеуетін дамытуға ықпал ететін дәстүрлер мен мұраларды сақтап келе жатқан адамдар екендігін атап өтті.

Өңір басшысы облыстық, қалалық, аудандық және ауылдық кітапханалардың кітапханашыларына мәдениет министрлігінің, салалық кәсіподақтың, облыстық мәдениет басқармасының құрмет грамоталарын тапсырды:

Серкебаева Светлана Жанайдарқызына, Әулиекөл ОКЖ директоры;

Ликаева Татьяна Андреевнаға, Қостанай аудандық ОКЖ директоры;

Дүтпаев Солдат Малбақұлына, Сарыкөл ОКЖ директоры;

Болатова Нұрсұлу Амангелдіқызына, Ұзынкөл ОКЖ директоры;

Құсайын Дәмет Есенжолқызына, Арқалық қ. ОКЖ директоры;

Феданова Рузалия Рашитовнаға, Қарабалық ОКЖ директорының балалармен жұмыс жөніндегі орынбасары;

Әубәкірова Әлия Қарсақбайқызына, Арқалық қ. №2 ОӘҒК өнер секторы меңгерушісі;

Сухина Елена Михайловнаға, Денисов ОКЖ кітапханашысы;

Гилязова Надежда Александровнаға, Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК кітапханашысы.

«Рухани қазына - 2019» республикалық байқауының облыстық турының жеңімпаздары:

«Облыстық маңыздағы үздік мемлекеттік кітапхана» аталымы бойынша- «Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ;

 «Аудандық (қалалық) маңыздағы үздік мемлекеттік кітапхана» аталымы бойынша - «Федоров ауданының орталықтандырылған ақпараттық-кітапхана жүйесі» ММ Федоров аудандық орталық кітапханасы;

 «Ауылдық маңыздағы үздік мемлекеттік кітапхана» аталымы бойынша - «Меңдіқара орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» ММ Соснов үлгілі ауылдық кітапханасы;

«Облыстық маңыздағы үздік кітапхана қызметкері» аталымы бойынша - Видершпан Алла Леонидовна, «Ы.Алтынсарин ат. облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы» КММ инновациялық және әдістемелік жұмыстар бөлімінің жетекшісі;

«Аудандық (қалалық) маңыздағы үздік кітапхана қызметкері» аталымы бойынша - Тасмағанбетова Рәзия Мұхтарқызы, «Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» ММ «Северный» құрылымдық бөлімшесінің меңгерушісі;

«Ауылдық маңыздағы үздік кітапхана қызметкері» аталымы бойынша - Престель Татьяна Искаковна, «Қарабалық аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» ММ Тоғызақ ауылдық кітапханасының кітапханашысы;

«Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтардың облыстық кітапханаларының үздік кітапхана қызметкері» аталымы бойынша - Чепак Ольга Владимировна, «Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы» КММ библиографы.

Л.Н.Толстой ат. ҚОӘҒК әріптестерімізді еңбектеріне лайықты марапаттарымен және грамоталарымен құттықтайды – бұл сіздердің адал еңбектеріңіз бен жеке үлестеріңіздің лайықты бағасы болып табылады, сіздердің кітапхана ісінің дамуына қосқан үлестеріңіз Қостанай облысы кітапханаларының негізінде заманауи ақпарат және мәдени демалыс орталықтарын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сіздер алдағы уақытта да оқырмандарды түрлі рухани құндылықтарға тарта беретін, адамгершілікті, мейірімділік пен сүйіспеншілікті қалыптастыруға игі әсер ете беретін боласыздар деп сенеміз.

Сіздерге шын жүректен шығармашылық табыстар тілейміз, кәсіби жетістіктерге жете берулеріңізге, денсаулықтарыңыз мықты болып, аман-сау болуларыңызға тілектеспіз. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus