Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Жүректерді жұбатқан жырлар»
03.06.2019

6 маусым – көпшіліктің мектеп қабырғасынан есінде жүрген күн. Бұл жер жүзіне танымал болған, орыс әдебиетінің жаңа дәуірінің негізін қалаған Александр Сергеевич Пушкиннің туған күні. 2019 жылы барлық әдебиет әлемі еске алу күнін – ақынның туғанына 220 жыл толуын атап өтеді.

Қазақ даласының ұлы ақыны Жамбыл Пушкинді «бар халықтың ақыны»деп бағалаған болатын. Пушкин таңғажайып дарын иесі болды, ол басқа халықтың рухани дүниесін түсіне білді. «Песни западных славян», «Подражание Корану», «Цыганы», «Бахчисарайский фонтан» шығармалары бұған жарқын дәлел бола алады. Ол бар әлем үшін ашық болды және жер жүзінің барлығы оны бөтен және жат санамай, өздеріне жақын тұтты. Пушкин есімі басқа халықтар секілді барлық қазақстандықтарға да қымбат және жақын.

Егер сіз Александр Пушкиннің шығармашылығын құрметтейтіндердің санатынан болсаңыз немесе оның шығармаларын тағы бір оқып шыққыңыз келсе, онда сізді маусымның 3 және 30 аралығында ұлы ақынның мерейтойына арнап Әмбебап оқу залында ұйымдастырылған кітап көрмесін тамашалауға шақырамыз. Сонымен қатар көрмеге қойылған тамаша басылымдардан А. С. Пушкиннің өміріне қатысты көптеген белгілі және белгісіз мәліметтерді білуге болады.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus