Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Жолдаудың мәні – халықтың қамы»
10.06.2019

Әмбебап оқу залы 7 маусымда ҚР ҰҚК ШҚ «Солтүстік» өңірлік басқармасы» РММ үшін Қазақстан халқына бағытталған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жолдауының негізгі тармақтарын түсіндіруге арналған «Жолдаудың мәні – халықтың қамы» ақпараттық сағатын өткізді.

Сектор меңгерушісі Б. И. Бекболатова қоғам өмірінің барлық саласын, әсіресе әлеуметтік тақырыпты көбірек қамтыған елдің стратегиялық жаңа құжатының маңыздылығын атап өтті. Себебі мемлекет дегеніміз – біз, үкіметті біз таңдаймыз және олардың нақты міндеттерінің орындалуы және жүзеге асырылуы біздің әрқайсымызға байланысты.

Президент жолдауында аса маңызды шешім қабылданды – 2019 жыл Жастар жылы болып жарияланды. Сектор меңгерушісі А. Т. Нұрмағамбетова жолдауда көрсетілген маңызды стратегиялық міндетке – жас ұрпаққа қамқорлық жасау, олар үшін бастапқы мүмкіндіктер жасау жайындағы міндетке тоқталып өтті. Шара Жастар жылына арналған «Қуатты елдің жастары» виртуалды көрмесін көрсетумен сүйемелденді.

Әскери қызметшілер жолдаудың өмірдің барлық саласын тегіс қамтыған сипатын және оны жүзеге асыру үшін ел азаматтарының барлығының белсенді қатысуы қажет екендігін атап өтті.

Шараға арналып саясатшылардың, сарапшылардың, елдің қоғам қайраткерлерінің маңызды құжат жайындағы жарияланымдары қойылған «Жолдаудың мәні – халықтың қамы» кітап көрмесі дайындалды.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus