Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Абай – дана, Абай – дара қазақта»
17.06.2019

2019 жылдың 14 маусымында Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК ҚР Ішкі істер министрлігінің Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясымен бірлесе отырып қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы, ойшылы, философы, қазақтың жаңа жазба әдебиеті мен қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевқа арналған әдеби кеш өткізді.

Кештің құрметті қонақтары ретінде белгілі ақын, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Жолбарыс қажы Баязид, ақынның жұбайы Зейнел қажы Мұқашқызы және Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК қызметкері Айтжан Құрымғалиұлы қатысты.

Кештің басында Жолбарыс қажы Баязидке сөз беріліп, ол дана Абай жайлы толымды пікірін білдірді. «Абай ақын ғана емес, ол өлеңдері арқылы өз халқының мінін, кемшіліктерін көрсете білген сыншымыз, халықты білімге, жаңалыққа, жаңғыруға шақырған, оны басқа жұрттың қатарына жеткізуге тырысқан көшбасшымыз», - деді ол. Жолбарыс қажы Баязид кеш барысында Абайға арналған өлеңдерін оқып, жастарды поэзия әлеміне жақын болуға үндеді, лирикалық шығармаларды сүюге шақырды.

Кездесу кезінде академия курсанттары ұлы ақынның қара сөздері мен өлеңдерін оқыды. Кездесу соңында А.Құрымғалиұлы Абайға қандай әлеуметтік ортаның, қоғамда болып жатқан қандай өзгерістердің ықпал еткені туралы, оның шығармашылығы мен тұлға ретінде қалыптасуы туралы айтып берді.

Кеш соңында Жолбарыс қажы мен Зейнел қажы қорытынды сөз сөйлеп, жастарға баталарын берді. Кездесу соңында академия мұражайына экскурсия ұйымдастырылды. Ұйымдастырушылар қонақтар мен кітапхана қызметкерлеріне шараға қатысқандары үшін алғыстарын білдірді.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus