Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Владимир Сангимен онлайн-кездесу
23.09.2019

2019 жылдың 23 қыркүйегінде конференция залында Владимир Сангимен онлайн-кездесу болды.  Владимир Михайлович – белгілі кеңестік және ресейлік жазушы, нивхтардан шыққан педагог, лингвист,  нивхтардың әліпбиі мен әліппесін жасаушы, әлемнің көптеген тілдеріне аударылған нивхтар тіліндегі көркем шығармалардың авторы.

Кездесу жанға шуақ зияткерлік қарым-қатынас ахуалында өтті. Біздің қонақтарымыз, онлайн-кездесуге келгендер мен Владимир Сангидің талантын құрметтеушілер: ҚР білім беру ісінің үздігі, ҚР Педагогикалық ғылымдар академиясының құрметті мүшесі, ақын, жазушы, кітаптар авторы Александра Суслова, профессор, философия кафедрасының доценті, философия ғылымдарының кандидаты Юрий Бондаренко, қостанайлық ақындар мен жазушылар дәл осындай жағдай жасай білді. Залға жиналған барлық қатысушы Владимир Сагидың нивхтар тіліндегі шығармаларын, атақты жазушылармен болған кездесулері жайындағы естеліктерін, солтүстік халықтарының шығармашылығы мен мәдениеті жайындағы толғаныстарын, танымал тұлғалармен танысулары мен кездесулері туралы әңгімелерін зор қызығушылықпен тыңдады. Александра Ильинична өз сөзінде кездесуге деген шынайы қуанышын білдірді, Владимир Санги оқыған шығармалардан алған әсерлерін жеткізді, сондай-ақ өзінің оның «Женитьба Кевонгов» романын мәдениеттанудан сабақ беру барысында Қиыр Солтүстік жағдайында мәдениетті қалыптастырудың үлгісі ретінде қолданатынын айтып берді.  Юрий Яковлевич  пен Фёдор Мин Ресейдегі шағын халықтардың қазіргі кездегі әдебиеттерінің жағдайы мен дамуына қызығушылық танытты. Кездесуге кітапхана оқырмандары мен ЧелМУ ҚФ филология факультетінің студенттері келді.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus