Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Мейірім мен құрмет күні
01.10.2019

30 қыркүйекте Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК Халықаралық қарттар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Жиналыс залына өз өмірінің ұзақ жылдарын кітапхана жұмысына арнаған, өз жұмысын адал атқарған, осы бір қоғамға қажетті мамандыққа бірнеше ұрпақты баулыған адамдар жиналды.   Құттықтау филармонияның әншісі Ольга Квитка мен оның шәкірті Иосипенко Кирилл дайындаған музыкалық тартудан басталды. Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК директоры Д. Т. Дүйсебаева мен Сарыкөл ОКЖ директоры С. М. Дүтпаева тарапынан көптеген жылы сөздер айтылып, олар үстіміздегі жылдың мерейгерлеріне сыйлықтар табыс етті. Мұндай кісілердің аз болмағанын айта кету керек және олардың ішінде ұзақ жылғы еңбегі ерекше аталып өтілген Сарыкөл ОКЖ бұрынғы директоры Ш. Ж. Омарова да болды. Бұлардан басқа кітапхана ісінің ардагерлері олардың тәжірибесін игеріп, кітапхана саласында еңбек етіп жүрген өздерінің ізбасарларының да құттықтауларын да қабылдады. Концерттік бағдарламаның ресми бөлімі аяқталғаннан кейін қонақтар конференция залына жайылған мерекелік дастарқанға шақырылды. Дастарқан басында қонақтар кітапханада істеген кезінде орын алған түрлі оқиғаларды естеріне алысты, қосылып ән салды, көңілді әуеннің ырғағымен би де биледі.

Қонақтар өткізілген шараға риза болысты. Толстой атындағы кітапхана ұжымы аға буын өкілдерін Қарттар күнімен тағы да құттықтай отырып оларға зор денсаулық, отбасылық амандық және қарттыққа ешқашан мойынсұнбауларын тілейді!

 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus