Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Жас композитор, халықаралық, республикалық, облыстық байқаулар мен фестивальдардың лауреаты Зере Танкеева шығармаларының ноталық жинақтарының тұсаукесері
07.11.2019

6 қарашада жас композитор, қаламыздың «кішкентай Моцарты» Зере Танкеевамен кездесу болды. Небары 10 жастағы Зере музыка мектебінің 5 сыныбында бірден бес пән: скрипка, виолончель, фортепиано, аккордеон және композиция бойынша білім алуда. Жас талант қалалық, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты болып табылады. Қазіргі кезде Зере өз шығармаларының үш жинағын: «Приключения Брунгильды», «Фортепианные пьесы», «Сочинения для виолончели» шығарып үлгерді. Барлық шығармалар әпкесі Әйгерімнің суреттерімен әсем безендірілген. Кездесуде Зере әр жинақтан бір шығармадан орындап, барлық аспапта шебер ойнайтынын көрсетті.

Болашақта Зере атақты композитор болуды армандайды. Ал әзірше ол өзінің педагогы Ботагөз Биғабылованың жетекшілік етуімен үйлесім мен көп дауыстылықтың негізін, сондай-ақ классиктердің шығармаларына талдау жасауды үйреніп жүр.

Шараға келген қонақтардың ішінде болған қостанайлық ақын Александра Суслова және Е.Өмірзақов ат. облыстық филармонияның әншісі Гүлбану Абдулина Зеренің атына көптеген жылы сөздер айтты. Әсіресе жалғыз өзі сегіз баланы өсіріп, олардың бойына жоғары рухани құндылықтарды сіңіріп жатқан жас дарынның анасы Наталья Валентиновнаға ерекше ілтипат көрсетіліп, алғыстар айтылды.

Біз өз кезегімізде Зереге шығармашылық өсу мен ешқашан таусылмайтын шабыт тілейміз.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus