Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Отанға қызмет – абыройлы міндет»
22.11.2019

Ағымдағы жылдың 20 қарашасында «Қазақстан» кинотеатрында ««Қазбат» көркем фильмінің жабық қаралымы» тақырыбына баспасөз конференциясы өтті.

Фильм басталмас бұрын Л. Н. Толстой ат. ҚОӘҒК киноны көруге келгендерге 1995 жылғы 7 сәуірдегі оқиғаға – Пшихавр шатқалында торуылға тап болып, өзінен күші басым жаумен шайқасқа түскен қазақстандық Жеке құрама атқыштар батальонының жетінші құрама ротасына арналған «Отанға қызмет – абыройлы міндет» кітап көрмесін ұсынды.

Бұл қайғылы оқиға Қазақстанның ішкі әскері тарихында өзекті өртеген, ең күйінішті күн ретінде қалатын болады. 

Осы ұрыста 17 жігітіміз қаза тауып, 33 жаралы болды. «Қазақфильм» АҚ тәжік-ауған шекарасында орын алған әскери қақтығыстарға қатысқан қазақстандықтар туралы «Қазбат» фильмін түсірді. Қостанай қ. «Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардиясының 6697 әскери бөлімі» мекемесіндегі облыстағы жалғыз әскери оркестрінің өнер көрсетуі де осы күнге арналды.

 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus