Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күні
26.11.2019

Құрметті оқырмандар! 2019 жылдың 25 қарашасынан бастап Абонементтер бөлімінде Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне арналған «Нұрсұлтан Назарбаев жетістігінің сыры» кітап көрмесі жұмыс істейді.

Жас республиканың барлық жетістіктері мен табыстары Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегімен тікелей байланысты, ел беделі оның жеке басының беделімен астасып жатыр.

Көрмеге ҚР бірінші Президентінің кітаптары, баяндамалары, жолдаулары, дүниежүзілік деңгейдегі саясатшылардың Н. Назарбаев жайындағы пікірлері, сондай-ақ ақындар мен жазушылардың Елбасына арналған шығармаларының жинақтары қойылған. «Тәуелсіздік дәуірі. Эра независимости»  кітабы Қазақстанның 26 жыл ішіндегі барлық маңызды кезеңдерін айқын көрсетіп береді. Бұл кітап тәуелсіздік алғаннан кейінгі даму кезімізде басымыздан өткен барлық күрделі кезеңдердің хронологиялық және фактографиялық әдіспен дәл берілуімен де қызықты. «G – Global. XXI ғасыр әлемі»  қазіргі кездің ғаламдық мәселелеріне арналған. «Қызмет хроникасы. Хроника деятельности» жинақтарында 1990 және 2017 жылдар аралығында ҚР бірінші басшысының қатысуымен елімізде және шетелде болған негізгі іс-шаралар жан-жақты баяндалады, сондай-ақ Н. Назарбаевтың түрлі жылдары жасаған маңызды баяндамаларының мәтіндері берілген. Жинақтар мультимедиялық нұсқалары бар ықшам дискілермен жабдықталған. Ө. Жалаиридің «Елбасы біреу ел оған тіреу» кітабы оқытушылар мен студенттерге арналған.

Бұл көрменің мақсаты – Ұлт көшбасшысының тәуелсіз Қазақстанның қысқа мерзімде аяғынан тұруына қосқан тарихи рөлін көрсету.

Барлық тілек білдірушілерді шақырамыз!

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus