Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Бейімбет Майлинның 125 жылдығына арналып О. Бөкей ат. Өскемен орталық қалалық кітапханасымен өткізілген онлайн-конференция
29.11.2019

2019 жылдың 28 қарашасында Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК О.Бөкей ат. Өскемен орталық қалалық кітапханасының қызметкерлерімен және оқырмандарымен онлайн-кездесу өткізілді. Кездесу жерлесіміз, жазушы, ақын, драматург, тағдыры азапқа толы болған тұлға Бейімбет Майлинның 125 жылдық мерейтойына арналды.

Кездесу өткізуге Өскемен кітапханасындағы әріптестеріміз бастамашы болды. Олар өз оқырмандарын Б. Майлинның шығармашылығымен жақынырақ таныстыруды көздеді және жазушының туған жерінде оның шығармашылығын зерттеп жүрген жандардың болатынына еш шүбә келтірмеді.

Облысымыздың басты кітапханасына шығармашылық қауым өкілдері, оқырмандар, қалалық кітапханалардан әріптестеріміз жиналды. Сондай-ақ онлайн-кездесуге филология ғылымдарының кандидаты, ҚМУ профессоры, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, атақты жерлесіміздің шығармашылығын зерттеуші Ақылбек Қожаұлы Шаяхмет және Б. Майлинның өмірі мен шығармашылығына арналған «Қаламгер» пьесасының авторы Абылай Мауданов қатысты.

О. Бөкей ат. Өскемен орталық қалалық кітапханасы тарапынан кездесуге Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, жазушы, Оралхан Бөкейдің немересі Мағзұмов Тоқтарбек Нұржақыпұлы, Шығыс Қазақстан облыстық «Дидар» газеті бас редакторының орынбасары Азамат Қасым, оқу орындарының оқытушылары, студенттер мен жоғары сынып оқушылары, кітапхана қызметкерлері қатысты. Онлайн-кездесу сұрақ-жауап тәртібінде өтті. Сұрақты Өскемен кітапханасынан қатысқан адамдар қойды.

Бейімбет Майлин – қазақ әдебиетінің құрылуына және аяғынан тұруына, оның проза, поэзия және драматургия секілді жанрларының гүлденуіне және өркендеуіне зор үлес қосқан жазушы.

Қостанайлықтар жазушының 125 жылдығы құрметіне арналған іс-шаралардың биыл осы уақытқа дейін Таран атын иеленіп келген және осы жазда ғана жерлесіміздің атына ауыстырылған Бейімбет Майлин ат. ауданда бастау алғанын айтып өтті.

Негізгі мерейтойлық шаралардың ішінде аудандық мәдениет үйінде өткен ғылыми-тәжірибелік конференция, облыс орталығында өткен екі шара: «Бейімбеттің биігі» республикалық айтысы және облыс жастарына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция аталды. Ғылыми-тәжірибелік конференцияға билік өкілдері, шығармашылық қауым өкілдері, еліміздің барлық өңірінен келген тарихшылар мен ғалымдар, Бейімбет Майлинның туыс-туғандары қатысты.  Өскемендік қатысушылар жазушының мерейтойына орай Бейімбет Майлинның туған жерінде оның өмірі жайындағы жинақтың 11-ші томының жарыққа шығарылғанын, оған барлық мұрағат құжаттары енгізілгенін білді. Сондай-ақ арнайы ғылыми экспедиция ұйымдастыру туралы шешім қабылданғаны туралы, оған ғылыми қызметкерлер, журналистер, тарихшылар мен әдебиетшілердің енетіні туралы да ақпарат алды. Экспедиция барысында мол мұрағат құжаттарын жинау және үлкен монографиялық еңбекті жарыққа шығару жоспарланып отыр.

А. Шаяхмет Б. Майлин шығармаларының қазақ әдебиетінде маңызды орын алатынын ерекше атап өтіп, жазушы мен оның отбасының қасіретті тағдырына тоқталды.

А. Мауданов Б. Майлинның талантты жазушы және журналист қана емес, сондай-ақ талантты драматург екенін атап өтті. Сондай-ақ А. Мауданов І. Омаров ат. Қостанай облыстық қазақ драма театрының репертуарына енген өзінің «Қаламгер» пьесасы туралы әңгімелеп берді.

Кездесу екі жақ үшін де қызықты болды. Өскемендіктер Б. Майлинның өмірі мен шығармашылығы жайындағы тың мәліметтерді естіп, оның шығармашылығына қатысты зерттеулермен танысты. Ал қостанайлықтар талантты жерлесіміздің шығармашылығын насихаттауға мүмкіндік алды.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus