Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Жаңадан түскен әдебиеттер
11.02.2020

Құрметті оқырмандар!

Ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі сіздердің назарларыңызға «Жаңа кітаптар» көрмесін ұсынады.

Фашизмнің ошағын өшірген Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай ұйымдастырылған көрмеге қасіреті мен қаһармандықтың үлгісі қатар жүрген оқиғаларға арналған басылымдар қойылған.

 А. Г. Мерниковтың «Вторая мировая война» суретті кітабында сирек құжаттар мен сол кездегі баспасөз бетінде жарық көрген мақалалардан үзінділер, мұрағат фотолары мен өмірбаяндық анықтамалар берілген, басылым оқырмандарды таныс және бейтаныс, бірақ ықпалы ешкімнен кем емес қарсы күштердің саяси және әскери қайраткерлерімен таныстырады, ұсынылған ақпараттар түсіндіріледі және толықтырылады.    

 «Қаһарлы жауды жеңген қаһармандар» = «Костанайцы – герои войны» кітабы Қостанайлық Кеңес Одағының Батырлары мен Даңқ орденінің толық иегерлеріне арналған.

Әскери тарихшы О. Смысловтың «Сто великих загадок Великой Отечественной войны» кітабы өткен соғыстың ең елеулі және маңызды жүз оқиғасына арналған. Автор ерлік пен сатқындық туралы, апаттар мен жеңістер туралы, халқымыздың ұлы сынақ кезіндегі таңғажайып ерлігі, ұйымшылдығы, бірлігі мен тапқырлығы туралы әңгімелейді. 

Көрмеге сондай-ақ Қазақстанның тарихы, ғылымы мен мәдениеті жайындағы жаңа кітаптар қойылған. «Қостанайлықтар – Еңбек Ерлері» = «Костанайцы – Герои Труда» кітабы өз еңбегімен Қостанай облысының атын шығарған, еңбексүйгіштіктің, жауапкершіліктің үлгісіне айналған, шындық пен адалдықты ту еткен  жандар жайлы әңгімелейді.

Этнограф мамандарға, сондай-ақ Қазақстанның тарихы мен мәдениетін білгісі келетіндердің барлығына арналған «Первые этнографы Казахстана» жинағы тартымды және мәнерлі жазылған.

Кітап көрмесіне білімқұмар оқырманның назарына лайық басқа да қызықты басылымдар қойылған.

Барлық тілек білдірушілерді кітап көрмесін көруге шақырамыз.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus