Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Қайсар жүректің қалауы»
13.02.2020

12 ақпанда Өлкетану әдебиеттері бөлімі теледидар журналисі, ҚР Журналистер одағының мүшесі, Қазақстанның құрметті журналисі, Меценаттар клубы сыйлығының иегері, «Ақ-Орда» студиясының редакторы Гүлжібек Баекенқызы Бекмұхамедованың 65 жасқа толуына арналған «Қайсар жүректің қалауы» беделді кездесуін өткізді.

Гүлжібек Баекенқызы «Телепортрет» жанрында туған өңіріне, өзінің жерлестеріне – қостанайлықтарға арналған 50 астам деректі фильмдер түсірді. Оның «Камшат Доненбаева. Я пришла к тебе, поле!..» деректі фильмі ҚР тұңғыш Президентінің кітапханасына және қорына енді. Кеңес Одағының Батыры Сұлтан Баймағамбетов жайындағы «Они не прошли, Султан!...» телеочеркі Ұлы Жеңістің 50 жылдығына арналған республикалық теледидар фестивалінің жеңімпазы болды.

Кейіпкердің атына шараға келген Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты, ақын Серікбай Оспанов, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, ақын Нағашыбай Мұқатов, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, драматург, халықаралық Шығармашылық академиясының корреспондент мүшесі, Қазақстанның құрметті журналисі Ақылбек Шаяхмет, «Наша газета» апталық басылымының журналисі Галина Каткова, облыстық «Қостанай таны» газетінің тілшісі Қыдырбек Қиысхан көптеген жүрекжарды сөздерін жеткізді.

Кездесу барысында Бекмұхамедованың фильмдерінен үзінділер көрсетілді, талантты әншілер Серік Әбілев пен Қалибек Деріпсалдиннің орындауында лирикалық әндер орындалды. Залда танымал теледидар журналисіне арналған көлемді кітап көрмесі безендірілді.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus