Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Костанай Каратаевтың катрендері мен өлеңдері»
14.02.2020

13 ақпанда Өлкетану әдебиеттері бөлімінің әдеби-ақпарат секторы Костанай Каратаев деген бүркеншек атпен жазатын қостанайлық жазушы Александр Васильевич Каратаевтың «Катрены о разном» және «Глас стихопрозы» кітаптарының тұсаукесерін өткізді.

Александр Васильевич – отставкадағы полковник, өзіне тән жазу үлгісі бар, өзгеден ерекше жазатын, өзінің қолтаңбасы қалыптасқан автор. Ол бірнеше катрендер – төрт жолдан тұратын мазмұны мол өлеңдер, тамаша «стихопроза» жинағын, сондай-ақ өлкетану сипатындағы – мемлекеттік қауіпсіздік органдарының тарихы бойынша кітаптарды жарыққа шығарды.

Тұсаукесерге А. В. Каратаевтың достары мен қаламдас әріптестері – А. С. Денисов, А. В. Дробышев, Н. В. Антуфьева, Т. М. Королёва, Ф. М. Мин, Е. В. Демидович және т.б. қатысты. Олардың әрқайсысы өз сөздерінде Александр Васильевичтің шығармашылығына қатысты пікірлерін білдірді. Қонақтардың көпшілігі өз өлеңдерін оқыды, ал музыкант Дмитрий Корой гитарамен ән салды.

Шара достық және шығармашылық ахуалда өтті. Барлық қатысушылар А. В. Каратаевтың кітаптары қойылған кітап көрмесімен танысуға мүмкіндік алды.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus