Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Поэзияның жарық жұлдызы»
13.03.2020

Кітапхананың қонақжайында атақты ақын, қазақ лирикасының көсемі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы Тұманбай Молдағалиевтің 85 жылдығына арналған «Поэзияның жарық жұлдызы» жеке көрмесі жұмыс істеп тұр.

Жазушылар қауымының таңданысын тудырған ақынның алғашқы кітабы оның жиырма екі жасында жарық көрген болатын. Жыл өткен сайын Тұманбай Молдағалиевтің талантына табынушылардың саны арта түсті де, көп ұзамай ол жалпы жұрттың сүйіктісіне айналды. Әлі күнге әйгілі ақынның өлеңдері республиканың беделді басылымдарында жиі жарияланып тұрады. Оның қаламынан көрмемізге қойылған «Студент дәптері», «Махаббат оты сөнбейді», «Жиырма бесінші көктем..», «Құстар қайтып келеді», «Жүректегі жазулар» секілді шығармалар дүниеге келді. Замандастарының ол жайындағы естеліктерін, оның шығармашылық мұрасына жасалған талдауды мерзімді басылымдар бетінен табуға болады.

Барлығыңызды кітап көрмесін көруге шақырамыз.

 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus