Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Рим ертегішісі»
13.10.2020

15 қазаннан бастап өлкетану әдебиеттері бөлімінің әдеби-ақпарат секторында дүниежүзіне танымал балалар жазушысы Джанни Родаридің 100 жылдығына арналған «Рим ертегішісі» көрмесі жұмыс істей бастайды.

Көрмеге Родаридің 6 кітабы: «Джельсомино в стране лгунов», «Чиполлино» әртүрлі үш басылымы, сондай-ақ «Пёстрые сказки» және «Римские фантазии» жинақтары қойылған. Шығармалардан басқа көрмеге екі мақала қойылған. Олардың біріншісі Сергей Курийдің қаламына тиесілі, оқырмандар одан Джанни Родаридің шығармашылығына қатысты ең өзекті деген сұрақтарға жауап таба алады. Екінші мақала – аудармаларында Родаридің кітаптары ерекше орын алған, итальян тілінің танымал аудармашысы Надежда Контантиновамен болған сұхбат. Сонымен қатар көрме жұрттың сүйікті балалар жазушысының шығармаларынан алынған әдемі суреттермен толықтырылған.

Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер: https://www.youtube.com/watch?v=TJsmItkjYjE
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus