Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Қостанай: кеше, бүгін, ертең
15.10.2020

2020 жылдың 15 қазанында «Қостанай: кеше, бүгін, ертең» деген тақырыппен Қостанай қ. ОКЖ кітапханалар күні өтті. Шараны Қостанай қ. ОКЖ директоры Шоқанова Гүлмира Сәбитқызы ашты.

 Іс-шараға қатысушыларды Қостанай қ. әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Әубәкірова Айсұлу Рамазанқызы құттықтап сөз сөйледі.

 Кітапханалар күнінің барлық шаралары төрт блокқа бөлінді.

 Бірінші блок – Кітапханалар күнінің ашылуы. Бұл бөлімде «Добро пожаловать в ЦБС г. Костаная» тақырыбымен ұсынылған ОКЖ кітапханаларына жасалған бейнеэкскурсияны тамашалауға, қаланың орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің тарихын білуге және «Қостанай: кеше, бүгін, ертең» кітап көрмесінің бейнетаныстырылымын көруге мүмкіндік туды.

 Жаңа технологияларды енгізу тәжірибелерін көрсету «Технологии world wide web  в работе с читателями» блогының шарасы болды. Олардың ішінде «Страницы памяти: 75 книг о войне» отаншылдық веб-порталы, «Biblio.com – интеллект-чтения» веб-квесті мен «Памятные доски г. Костаная» аудиогиді, «Дружба» №5 кітапхана-филиалының кітапханашысы Наталья Ивановна Муннің электронды ойындар жасау бойынша шеберлік сыныбы көрсетілді.

 «Goworking zone: «Библиотека – территория творчества, аура добра»» деп аталған келесі блокты «Северный» №3 кітапхана-филиалының меңгерушісі Тасмағамбетова Разья Мұхтарқызы таныстырды. «Современная казахстанская культура в глобальном мире» арнайы жобасының аясында «Званый гость» онлайн кездесуі ұйымдастырылды. Кездесудің қонақтары Димаш Құдайбергеновтың бэк-вокалшысы, әнші Зарина Божакова, «Казачья воля» ансамблінің ұжымы және ақын Александра Суслова болды. «Званый гость» айдарында бұл кездесулердің бейнежазбасын көруге мүмкіндік жасалды.

Шараның төртінші блогы кітап пен кітап оқуды насихаттауға арналды. Н.Островский ат. ОҚК қызметкерлері «Толқын» шығармашылық студиясы туралы бейнематериалды және жас ақын Кеңшілік Бақытжамалдың «Туған елінің еркесі» кітабының таныстырылымын ұсынды.

«Станционный» №2 кітапхана-филиалының меңгерушісі Ахмеилова Жұлдызай Төлебайқызы еріктілермен «Эрмитаж уникальных встреч» танымдық шолуын өткізді. 

«Южный» №6 кітапхана-филиалының қызметкерлері «Чтение в портретах» бейнематериалын көрсетті. Қаланың танымал тұлғалары өздерінің кітапты қалай оқитындары туралы айтып берді.

А.С.Пушкин ат. ҚОК қызметкерлері оқырман балалармен жүргізілетін «Сторисек» атты жұмыстың жаңа түрімен – балалар мен ата-аналардың дауыстап оқуларымен таныстырды.

«Строительный» №7 кітапхана-филиалда өткізілген акциялар туралы фотоматериалдарды «Акция – интерактивная и креативная форма работы» бейнеролигінде көрсетті.  

Кітапханалар күнінің барлық материалдары бейнетаспаға жазылып алынды және padlet.com алаңшасына қойылды.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus