Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Қостанай облысы жас кітапханашыларының ІІ жиыны
11.12.2020

2020 жылдың 11 желтоқсаны күні Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК онлайн режімінде Қостанай облысы жас кітапханашыларының ІІ жиынын өткізді.

Жиынға 16 аудандық, 4 қалалық ОКЖ және 4 облыстық кітапхана өкілдері қатысты. Іс-шараға барлығы 60 кітапхана маманы қатысты.

Жиынға қатысушыларды Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының басшысы Е. Б. Қалмақов құттықтап сөз сөйледі.

Л. Н. Толстой ат. облыстық кітапхананың жас мамандары жиынның қатысушыларына музыкалық сәлемдеме дайындады.

Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК басшысы Д. Т. Дүйсебаева және FACTCHECKER фотожурналисі, киноқұжаттамашы және мультипликатор Н. Мармалиди «Мультимедиалық сторителлинг: кітапханадағы іс-шаралар және оған аудиторияны тарту» тақырыбы бойынша тренинг өткізді.

Бәсекеге қабілетті болу үшін кітапханалар оқырмандарды тартудың жаңа әдістерін игеруде. Бұл тақырып өте өзекті және алдағы уақытта жиынға қатысушылардың жұмыстарына көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Қала мен облыстың, еліміздің басқа өңірлері мен жақын шетелдердің ақындарымен және жазушыларымен әдеби кездесулер қалай өтетіні, Л.Н. Толстой ат. ОӘҒК әдеби клубтарында қандай жұмыстар жүргізілетіні жайында Өлкетану әдебиеттері бөлімінің кітапханашылары Т. Тихомирова және А. Құрымғалиұлы айтып берді.

Қостанай аудандық кітапханасының бағдарламашысы Б. Құдабаев кітапхана сайттарын құру тәжірибесімен бөлісті.

Л.Н. Толстой ат. ОӘҒК Өлкетану әдебиеттері бөлімінің кітапханашысы Т. Тихомирова «Филологические аспекты работы библиотекаря» шеберлік сыныбын өткізу барысында жазбаша мәтінді сауатты және дұрыс құрастыруға ерекше назар аударды.

Медиасауаттылық бойынша өткізілген квест қатысушыларға «бөлмелер» бойынша жұмыс істеу кезінде «Zoom» бағдарламасының функциясын меңгеруге, сондай-ақ практикалық тапсырманы орындауға көмектесті.

Подкаст дегеніміз не? Кітапханашыға ол не үшін керек? Өз подкастын қалай құруға болатыны туралы жиынға қатысушылар «Библиотечный подкаст-канал. Принцип разработки и наполнения контентом» шеберлік сыныбынан білді. Оны Л.Н. Толстой ат. ОӘҒК Әмбебап оқу залы бөлімінің меңгерушісі С. Цветкова өткізді.

Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК басшысы Д. Т. Дүйсебаева және Ы. Алтынсарин ат. ОБЖК ақпараттық-библиографиялық бөлімінің меңгерушісі Е. Харитонова «Ақпараттық соғыс: насихаттаулардан қалай құтылуға болады немесе қоғамдық сана неге оңай алданады» тренингін өткізді.

Жиын іс-шараға қатысушылардың пікір алмасуымен және бір-біріне кәсіби табыс пен шығармашылық шабыт тілеуімен аяқталды. Барлық кітапханашыларға Қостанай облысы жас кітапханашыларының II жиынына қатысушылардың сертификаттары жіберілді.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus