Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Әлемнің ғажап елі – қасиетті Қазақ елі»
21.01.2021

Ағымдағы жылдың 21 қаңтарында Әмбебап оқу залында еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған «Әлемнің ғажап елі – қасиетті Қазақ елі» атты кітап көрмесінің тұсаукесері өтті.

Көрменің тұсаукесерінің қонақтары мен қатысушылары болғандар: Қалмақов Е.Б. – Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының басшысы, Жалыбин С.М. – заң ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бірінші шақырылымының депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің екінші және үшінші шақырылымының депутаты, Қостанай облысының және  Қостанай қ. құрметті азаматы, Суслова А.И. – жазушы, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі, Қазақстан Республикасы Педагогика ғылымдары академиясының құрметті мүшесі, Молдағалиев С.Д. – «Нұр Отан» партиясы жанындағы «JasOtan» ЖҚ Қостанай облыстық филиалы төрағасының орынбасары, Ақмұхамбетова Д.А. – ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының оқытушысы.

Қонақтар жастарға бағыттап айтқан сөздерінде мемлекетіміздің елеулі жетістіктерін мақтан тұтудың қажеттігін, тәуелсіздігімізді нығайту және тұрақтылықты сақтау үшін болашақта еліміздің дамуына қандай үлес қосуға болатынын ойластыру керектігін ерекше атап өтті.

«Әлемнің ғажап елі – қасиетті Қазақ елі» кітап көрмесі төрт бөлімнен тұрады, онда біздің кітапхана қорынан алынған басылымдар қойылған.

Көрме материалдары мемлекеттің құрылу мәселелерін, оның тарихын, мемлекеттік рәміздерді және елдің даму келешегін көрсетеді.

Көрме нысаны бойынша тұрақты жұмыс істейтін, тақырыптық, жергілікті болып табылады және кітапхананың Тәуелсіздік жылына арналған бірқатар мәдени-ағартушылық іс-шараларының басы болды.

Құрметті оқырмандар, сіздерді мерейтойлық жыл бойы жұмыс істейтін және жаңартылып отыратын көрме материалдарымен танысуға шақырамыз.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus