Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Ел болып оқимыз
17.02.2021

Құрметті оқырмандар! Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында абонементтер бөлімінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің мерейтойына арналған «Ел болып оқимыз» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Бұл акция біздің елімізде 2007 жылдан бастап 15 жыл бойы өткізіліп келеді. Биыл жалпы халықтық оқу үшін белгілі қазақстандық авторлардың поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті және аударма саласындағы үздік 30 шығармасы таңдалды.  

Біз қазақстандық және шетелдік авторлардың шығармаларын қазақ тілінде оқуды ұсынамыз. Оның ішінде поэзия – Жұмекен Нәжімеденов «Менің Қазақстаным», Мұқағали Мақатаев «Өмірдастан»,  проза – Тобық Жармағамбетов «Отамалы»,  драматургия – Мадина Омарова «Көмбе нанның дәмі», балалар әдебиеті – Ыбырай Алтынсарин «Өнер-білім бар жұрттар», Бердібек Соқпақбаев «Жекпе-жек», аударма саласы – Эрих Мария Ремарк «Аманат өмір», Габриэль Гарсиа Маркес «Жүз жылдық жалғыздық» және басқалар.

Көрме жыл соңына дейін жұмыс істейтін болады. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus