Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Облыс тынысы»
22.02.2021
Көру қабілеті нашар – көзі көрмейтін және нашар көретін адамдар ерекше кітапханалық қызмет көрсетуді қажет етеді. Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөліміндегі міндеттердің бірі ақпаратты  оқырмандардың осы тобына барынша жақындату болып табылады.  Осы мақсатта аймағымызда болып жатқан оқиғалардан барынша хабардар болуға мүмкіндік беретін «Облыс тынысы» жобасы іске қосылды.

Құрметті пайдаланушылар, Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімі назарларыңызға «Облыс тынысы» жобасының екінші шығарылымын ұсынады. «Первая Тургайская» мақаласы Ыбырай Алтынсариннің Торғай қ. алғашқы халық мектебін ашуына арналған. Ұлы ағартушының 180 жылдық мерейтойында бұл ерекше маңызды шара. Мақалада Ы. Алтынсариннің XIX ғ. аяғындағы ағартушылық қызметі мен бүгінгі күннің арасындағы тікелей байланыс байқалады. Өйткені ұстаздың жан-жақты қызметінің нәтижелерін біз әлі де сезініп келеміз.

Қаламыз түрлі уақытта қалада көптеген танымал адамдардың өмір сүргенін мақтан тұта алады. Бірақ біз олар туралы білеміз деп айта аламыз ба? «Костанайские новости» газетінің «Звездные пришельцы» мақаласында Қостанайдың құрметті тұрғыны Сергей Жалыбин соғыстан кейін қуғын-сүргінге ұшырап, Қостанайға жер аударылған Ресей мен Арменияның халық әртісі Гүрген Тонунце туралы айтып берді. Кейін актер 60-тан астам фильмдерде ойнап, бүкілодақтық даңққа ие болды. Мақаладағы материалды оқығаннан кейін Гурген Тонунценің өмірбаяны туралы, сондай-ақ оның Қостанайда тұратын туыстары туралы көптеген қызықты деректерді білетін боласыздар. 

Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер: https://youtu.be/mO60quPFFuY

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus