Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Әйел теңдігі һәм имандылық»
05.03.2021
Құрметті оқырмандар! Сіздер үшін «Әйел теңдігі һәм имандылық» атты адамгершілік сабағы дайындалды, онда әйелдің отбасындағы рөлі, оның қоғамның адамгершілік негіздерін жоғалтпауы, оны қалыптастыру және бекіту жолындағы еңбегінің маңызы туралы айтылады. 

Әйелдің басты рөлі – отбасына деген сүйіспеншілік пен құрмет, жұбайының тірегі болу, ұрпақты жалғастыру, балаларды тәрбиелеу, үйдің берекесін келтіріп, отбасы мүшелеріне жайлы ахуал жасау. Сонымен қатар қазіргі кездің әйелдері – қоғамның білімді және әлеуметтік белсенді мүшелері, олар тек отбасының, жұбайы мен балаларының ғана емес, сондай-ақ елінің де тірегі болып табылады.

Осындай жандардың бірі – біздің жерлесіміз Саркисян Лилия Вагановна. Ол әрдайым оқиғалардың ортасында жүреді, өзекті мәселелерді назарында ұстап отырады. Жұрт оны жақсы біледі, оның пікіріне құлақ асады, бастамаларын қолдайды. Ол жеті жылдан астам Қостанай облысындағы Қазақстан халқы ассамблеясының Аналар кеңесін басқарады. Сондықтан да ол адамгершілік сабағының қонағы ретінде шақырылды.

Сабақ барысында оқырмандар оқу залы қорындағы отбасылық тәрбие мен отбасындағы әйелдің рөлі мәселелері жөніндегі үздік кітаптарымен таныса алады.

Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер: https://www.youtube.com/watch?v=o7VMM1plGC8
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus