Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Сұлулық пен сымбат мерекесі»
05.03.2021
Жұрттың бәрі жақсы көретін 8 наурыз – әйел қауымына, оның сұлулығына, даналығы мен нәзіктігіне бас ию күні жақындап келеді.  Осы тамаша күн қарсаңында Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімінде «Сұлулық пен сымбат мерекесі» атты кітап көрмесі безендірілді.

Үш бөлімнен тұратын көрмеге ел тарихында жарқын із қалдырған түрлі дәуірдегі ұлы әйелдер туралы кітаптар, сүйкімді ханымдар туралы өлеңдер мен проза, психология және өзін-өзі қорғау, сондай-ақ гүл өсіру және қолөнер жайындағы кітаптар мен журналдар қойылған.

«Тіршіліктің тірегі» бөлімінде танымал әртістер: Роза Бағыланова, Бибігүл Төлегенова, Ольга Аросева туралы кітаптар ұсынылған. Виталий Вулфтың «Звезды трудной судьбы» кітабы оқырманды өз заманының символы ретінде қарастыруға болатын ең көрнекті әйелдердің: Алла Тарасованың, сондай-ақ Грета Гарбоның, Мадоннаның өмір тарихының ауқымды кезеңімен таныстырады. Әркімнің арманы болған әйелдерге  арналған «Лучшие произведения русских писателей о любви» жинағы, П.Мерименің мәңгі жасайтын «Кармені», Л.Чарскаяның «Соперницы» повесі және т.б. кітапхана оқырмандарының көңілін көтерері сөзсіз, ал М. Цветаева мен Л. Рубальскаяның махаббат туралы поэтикалық жинақтары көрмеге лирикалық өң береді.

«Сұлулық пен денсаулық сыры» бөлімінен сұлулықтың сырын табуға болады, шашты қалай нығайтуға болатыны, макияжды қалай қолдану қажеттігі, ерін далабын таңдауда нені ескеру керектігі жайындағы материалдармен танысуға болады. Анри Гидельдің «Коко Шанель» кітабы ХХ ғасырдағы сән әлемінің ең жарық жұлдызы болған сұлулардың бірі жайында баяндайды. Александр және Юлия Свияштың «Улыбнись, пока не поздно!» кітабындағы кеңестері де дер кезінде айтылған ақыл болмақ. Ал Е. А. Гаткиннің «Безопасность ЖЕНЩИНЫ и самозащита» басылымы әр әйелге өзін қауіптен қорғауға көмектеседі.

«Үйіңізді жайлы етудің жолы» бөлімінде гүл өсіру және қолөнер туралы кітаптар ұсынылған. Сондай-ақ, бұл бөлімде  Брайль қарпімен басылған «Для вас, женщины» альманахы бар.

Көрме бір ай бойы жалғасады.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus