Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Кітапхананың әлеуметтік желілерін кітап пен кітап оқуды насихаттау үшін пайдалану»
31.03.2021

2021 жылдың 31 наурызында Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК «Кітапхананың әлеуметтік желілерін кітап пен кітап оқуды насихаттау үшін пайдалану» атты онлайн семинар өткізді. 2020 жылы кітапханашылар өз жұмысының көп бөлігін интернет-кеңістікке көшіруге мәжбүр болды және осы семинарда кітапханашылар жұмыстың аталған түрін кітапханалардың қаншалықты деңгейде игергенін, қандай қиындықтарға тап болғандарын және қандай жұмыстарды атқару қолдарынан келгенін білуге мүмкіндік алды.

Интернет байланыстың арқасында семинар халықаралық мәртебеге ие болды, қатысушылар арасында тек Қазақстаннан ғана емес, Ресей Федерациясынан, Украинадан да әріптестер болды.

Қостанайлық кітапханашылар әріптестерінің жаңа жұмыс тәжірибесі туралы біліп қана қоймай, бір диалог алаңында тығыз қарым-қатынас жасауға, оларды тыңдауға, көруге, тәжірибемен бөлісуге және бір-біріне сұрақтар қоюға мүмкіндік алды.

Семинарды Өскемен қ. қатысқан Шығыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының Жастар орталығының кітапханашысы Полякова Надежда Сергеевна ашты. Ол брендинг арқылы әлеуметтік желілерде имидж құру бойынша кітапхана тәжірибесімен бөлісті.

Ресейлік әріптестер – В.Маяковский ат. Челябі облыстық балалар кітапханасының әдіскері Екатерина Александровна Богомазова және Челябі облысының Магнитогорск қ. қалалық кітапханалар бірлестігінің әдіскері Осокина Виктория Юрьевна өз сөзінде қазіргі уақытта теориялық және практикалық тәжірибенің жеткілікті мөлшері жинақталғанын, сондықтан әлеуметтік желілер мен блогтарды кітапхана жұмысының жаңа бағыты ретінде емес, күнделікті жұмыстың ажырамас бөлігі ретінде қарастырған жөн екендігін атап өтті. Әріптестер кітапханалардың онлайн режімінде блогтарда, логтар мен глогтарда қалай жұмыс істейтінін айтып берді.  

«Облыстық көркемөнерпаздар халық шығармашылығы және киновидеофонд орталығы» КМҚК Оcsnt.kz ақпараттық порталын әзірлеуші және әкімшісі Құлов Кайрат интернетте медиа-контентті жасау және дамыту тәжірибесімен бөлісті.

Хмельницкий қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры, кітапханашыларға арналған «Медиасауаттылық» практикалық оқу құралының авторы-құрастырушысы, медиасауаттылық бойынша жаттықтырушы Тамара Степановна Козицьканың (Украина) баяндамасы кітапханашылар үшін аса пайдалы болды. «ЅММ құралдарымен әлеуметтік желілер арқылы кітап оқуды тиімді насихаттау» баяндамасында ол интернет желілерде Бетті жасаған дұрыс па немесе Жеке бейінді жасаған дұрыс па? деген сұрақтар бойынша әдістемелік ұсыныс берді. Қандай PR заңдарын білу керек? Өз жарияланымыңды қалай жұртқа жеткізу керек, топтардың жұмысына, жарияланымдардың танымалдылығына талдау жүргізу, жазылушыларға көбірек қол жеткізу үшін не істеу керек? деген сұрақтарға жауап берді.

Мигдаль қоғамдық бірлестігінің президенті, оқыту жаттықтырушысы және әлеуметтік желілердің белсенді пайдаланушысы Владимир Вадимович Алексанин әлеуметтік желілерде қалай жұмыс істеу керектігі, әрбір желінің контингентін ескере отырып ақпаратты қалай дұрыс орналастыру керектігі туралы өз ойларын ортаға салды.  

Солтүстік Қазақстан облысы  Ғ. Мүсірепов ауданының аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі Тимощук Елена Алексеевна Солтүстік Қазақстан кітапханашылары цифрлық ұрпаққа арнап дайындаған ең үздік кітапханалық онлайн жобалармен бөлісті.

Семинарды Қостанай облысы Жітіқара ОКЖ кітапханашысы Тулубаева Виктория Евгеньевна аяқтады. Ол жеке, топтық және бұқаралық жұмыс түрлерінің көмегімен кітапхананы әлеуметтік медиада жарнамалаудың жолдары туралы айтып берді. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus