Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Көзіңізді сақтаңыз»
07.04.2021

7 сәуірде Дүниежүзілік денсаулық күні аясында Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК  Білім орталығында облыстық көз аурулары ауруханасының  дәрігері Жанайдар Ахметовпен кездесу өтті. Шараны көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімі ұйымдастырды. «Көзіңізді сақтаңыз» кешіне келген адамдардың көпшілік бөлігін ҚСҚ және ҚОМОО мүмкіндіктері шектеулі жандары құрады.

 Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша әлемде кем дегенде 2,2 миллиард көру қабілеті бұзылған немесе соқыр болып қалған жағдайлар бар, олардың 1 миллиардтан астамы алдын алу шараларын жүргізбеудің салдары болып табылады. Жанайдар Таңатұлы көз ауруларының алдын алу, сондай-ақ оларды уақытылы емдеу туралы түсінікті түрде айтып берді. Тыңдаушылардың сұрақтарына жауап бере отырып маман өзінің дәрігерлік практикасынан мысалдар келтірді. Сонымен қатар дәрігер өзінің кәсіби жұмысының негізгі мәселелерін атап өтті, сондай-ақ пациенттердің мәселелеріне тоқталды. Кездесуге қатысушылар көру қабілетінің бұзылуының алдын алу мәселелеріне үлкен қызығушылық танытты.

 Осы жерде көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімінің қызметкерлері шара аттас кітап көрмесін ұсынды. Оған журналдар, анықтамалықтар, көз ауруларын диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістері бойынша оқулық және клиникалық ұсынымдар, офтальмология бойынша құралдар, сондай-ақ кез келген жастағы көз ауруының алдын алуға арналған пайдалы әдебиеттер енгізілді.   

Ұсынылған басылымдар іс-шараға қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды.

Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжінің студенттері «ерекше» адамдарға көмек және қолдау көрсету үшін еріктілер ретінде келді.

Кездесу соңында барлық тілек білдірушілер көз дәрігерінің жеке кеңесін алды. #ҚАЙЫРЫМДЫІСТЕРМАРАФОНЫ
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus