Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Мың жылдық кітап
18.04.2014

Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне арналған онкүндікке енгізілген шаралар циклін жалғастыру барысында «Мың жылдық кітап» атты әдеби айтыс өткізілді. Оны өткізуге «Ақпараттық технология ғасырындағы кітаптың орны» тақырыбы арқау болды. Абонементтер бөлімі ұйымдастырған шараны өткізу барысында 2 команда (жақтаушылар мен қарсылар) кітаптың «қажеттігі» мен «қажетсіздігіне» өздерінің дәлелдерін келтіріп, өз пікірлерінің дұрыс екендігін қорғап бақты. 

Ішінде ЖОО ғылыми-оқытушылар құрамының көпшілікке танымал өкілдері, мұражай қызметкерлері, БАҚ өкілдері, кітапхана оқырмандары, студент жастары бар қарсыластар бір-біріне қарсы дәлелдер келтіре отырып, өз ойларының дұрыстығын нақты деректермен дәлелдей отырып, жұрттың барлығын мазалаған «Баспа түріндегі кітап ендігі жерде керек пе, оны электронды нұсқасына неге көшірмеске?» деген жалғыз сұраққа жауап табуға тырысты.  

Кітаптың баспа түріндегі нұсқасы да, оның электронды көшірмесі де қазіргі кезде қатар қолданылып, өз оқырмандарын, пайдаланушыларын тауып жатқандықтан, кітаптың екі нұсқасының да қажеттілігі ескеріліп, қарсыластар тең түсті деген баға бері.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus