Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Нүктеден құрылған сөздер»
01.11.2021

Брайль жүйесі бойынша жылдам және мәнерлеп оқу байқауы

1 қарашада Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК Халықаралық зағиптар күнін өткізу аясында жыл сайынғы Брайль жүйесі бойынша оқу жылдамдығы мен мәнерлілігін анықтауға арналған «Нүктеден құралған сөздер» байқауы өтті. Бұл байқаудың Брайль оқуы мен жазуын зағип жандардың сауаттылығының негізі ретінде сақтау мақсатында өткізілетінін айта кеткен жөн.

Байқауды Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімі ұйымдастырды, оған Қазақ соқырлар қоғамының Қостанай және Рудный филиалдары белсенді көмек көрсетті. Биылғы байқаудың  тақырыбы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында қазақ әдебиеті классиктерінің шығармашылығын насихаттау болды.

Мемлекеттік және орыс тілдерінде Брайль бойынша оқу дағдысын меңгерген кітапхананың 9 оқырманы қатысуға өтінім берді. Байқауға олардың 7-і қатысты. Өтінім бергендердің ішінде Брайль бойынша оқи алатын тәжірибелі оқырмандармен қатар жаңадан қосылған Евгений Кондратенко да қатысты. Байқаудың әр қатысушысын жеке-жеке тыңдау тәсілі қазылар алқасына оқудың жылдамдығы мен мәнерлілігін бағалауға және әр топтың жеңімпаздарын таңдауға мүмкіндік берді.

Байқау қорытындысы бойынша келесідей орындар бөлінді: Шамсутдинова Ракия, Григорьева Роза, Ерохина Валентина, Кондратенко Евгений (І орын); Исмадиярова Гүлғайша, Филлипова Людмила, Аббасова Тунзала (ІІ орын).

Іс-шара соңында байқаудың барлық қатысушылары ұйымдастырушылардан ақшалай сыйлықтар мен тәтті сыйлықтар алды.

#Qazaqstan30


Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus