Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Уақыт ағысына үн қосқан қаламгер»
05.01.2022
Құрметті оқырмандар!

Өлкетану әдебиеттері бөлімі жазушы, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық Жазушылар одағының мүшесі Қайсар Әлімнің 75 жылдығына арналған «Уақыт ағысына үн қосқан қаламгер» атты кітап көрмесін тамашалауға шақырады.

Қайсар Әлім қазақ баспасөзінің дамуына өзіндік қолтаңбасымен зор үлес қосып жүрген қаламгер. Оның қаламынан 34 кітап жарық көріп, оқырмандардың ыстық ықыласына бөленді. Бүгінде автордың қаламынан туған «Алашшыл жүрек», «Махаббат жыршысы», «Кәусар», «Мекке, Мәдинам менің!», «Сейілмейтін мұң», «Сыздамашы, жүрегім!», т. б. хикаяттар мен әңгімелері, эсселері жинақталған кітаптары мол сұранысқа ие. Сондай-ақ, оның таңдамалы шығармаларының 8 томдығы қазақ әдебиетіне қосылған елеулі еңбек ретінде бағаланып жүр.

Барлық келем деушілерді аталған көрмеге шақырамыз.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus