Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға
09.02.2022
9 ақпанда Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК өлкетану әдебиеттері бөлімі ақын, аудармашы, әдебиеттанушы, түркітанушы, ағартушы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға» атты кітап көрмесінің салтанатты тұсаукесерін өткізді.

Ахмет Байтұрсынұлының бүкіл өмірі қазақтардың өзін-өзі билеуіне, мәдениетін, білімі мен ғылымын, өзіндік халық шығармашылығын дамытуға, ұлт рухын сақтауға деген ұмтылысқа толы болды. А. Байтұрсынұлының баға жетпес еңбегін ескеріп, саралап шыққан М. Әуезов 1923 жылдың өзінде-ақ оны «қазақ зиялыларының көсемі» деп бағалаған болатын. 

Тұсаукесерде алғашқы сөз алған Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының басшысы Е. Б. Қалмақов жиналғандарға жерлесіміз жайындағы ойын жеткізді. Сондай-ақ А. Байтұрсынұлының жеке басы мен қызметі туралы өз ойларымен белгілі жазушылар, ғалымдар, ахметтанушылар – Серікбай Оспанов, Алмасбек Әбсадықов, Дмитрий Легкий бөлісті. А. Байтұрсынов ат. ҚӨУ студенттерінің орындауында өлеңдер оқылды. 

Жүргізушілер А. Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы, көрменің өзі туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Тұсаукесер қатысушылар мен көрермендердің мәдени көкжиегін кеңейтуге және рухани байытуға ықпал ететіні сөзсіз.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus