Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Алаш қозғалысы – Қазақстан тарихындағы бірегей құбылыс»
20.04.2022

  Абонементтер бөлімі «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Алаш» партиясының құрылғанына 105 жыл толуына арналған «Алаш қозғалысы – Қазақстан тарихындағы бірегей құбылыс» атты азаматтылық сабағын өткізді.

ХХ ғасырдың алғашқы үштен бір бөлігінде өмір сүрген қазақ халқының саяси қайраткерлерінің жоғары әлеуетін көрсете алған спикерлердің баяндамалары азаматтылық сабағына қатысушылардың көңілінен шықты.  А.Байтұрсынұлы ат. ҚӨУ Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының қауымдастырылған профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Серікжан Сағындықұлы Исмаиловтың баяндамасы ұмытылмас әсер қалдырды, ол «Алаш» партиясының қызметі өз заманының рухына ғана сай келіп қоймай, белгілі бір дәрежеде Қазақстанның алдағы тәуелсіздігінің идеялық бастауы болып табылатынын атап өтті. Қонақтар жас зерттеуші, «Qyr balasy» ҚҚ ғылыми хатшысы, «ХХІ ғасырдағы Алаштың Ақ жол»  жалпыұлттық байқауының жеңімпазы Данияр Маратұлы Ихсанды үлкен қызығушылықпен тыңдады, ол қазақ журналистикасының көрнекті өкілдерінің бірі Ғазымбек Бірімжановты жиналғандарға жан-жақты таныстара келіп, оны өскелең ұрпақты тәрбиелеуде үлгі етуге әбден болатынына және керек екендігіне тоқталды. 

Қазақ зиялыларының тағдырын бейнелейтін құжаттардан тұратын кітаптар, алаштықтардың сот процестері материалдарының жинақтары, сондай-ақ «Алаш» қозғалысының көрнекті қайраткерлеріне арналған басылымдар қойылған кітап көрмесі қонақтардың көңілінен шықты. Іс-шараға қатысушылар аталған тақырып бойынша әдебиеттердің алуан түрлілігін атап өтіп, алдағы уақытта да кітапханаға келе беруге ниет білдірді.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus