Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Мен және менің ортам»
27.05.2022

Әмбебап оқу залы «Мен және менің ортам» атты жедел көрме дайындады. Оның басты мақсаты балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгездік мәселесі туралы жұртшылықты хабардар ету болып табылады.

Балаларға қатысты қатыгездік пен зорлық-зомбылық қазіргі қоғамның маңызды мәселелерінің бірі болып саналады және көп нәрсе жасөспірімнің қарым-қатынас шеңберіне кімнің кіретініне, баланың ересектердің күрделі әлемімен кездесуге дайын екендігіне байланысты. Көрмеге белгілі психологтар: И. Ю. Кулагинаның «Возрастная психология», А. Семёновтың «Психодрама: способ решать, а не жаловаться», Э. Мэтьюздің «Счастье в трудные времена» секілді кітаптары қойылған.

Қазақстанда балалар мен жастарды тәрбиелеу үздіксіз жүргізілетін реформалар жағдайында жүзеге асырылатындықтан аталған мәселе күрделі болып қалып отыр, сондықтан мұғалімдер мен ата-аналардың ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік педагогтың да бұл бағыттағы рөлі артып келеді. Р. В. Овчарованың«Справочная книга социального педагога» кітабы осы мәселеге арналған. Көрмеде жасөспірімнің қоршаған әлеуметтік ортамен өзара әрекеттесу мәселесіне арналған басқа да кітаптар ұсынылған.

Көрме 2022 ж. 27.05. және 29.06. аралығында жұмыс істейтін болады.

 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus