Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Тарихы терең басылым – ғасыр белесінде!»
17.06.2022

17 маусымда Л. Н. Толстой ат. ҚОӘҒК қонақжайында облыстық «Қостанай таңы» газетінің бірінші санының жарыққа шыққанына 100 жыл толуына арналған «Тарихы терең басылым – ғасыр белесінде!» атты безендірілмелі кітап көрмесінің ашылуы өтті.

Қазақ тіліндегі алғашқы облыстық газет 1922 жылы 25 маусымда пайда болды. Газет ол кезде «Ауыл» деп аталды және 500 данамен шығып тұрды. Газеттің алғашқы редакторы Қарабалық ауданы Өрнек ауылының тумасы, жерлесіміз, кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиетінің классигі Мұхамеджан Сералин болды.Жауапты хатшы болып қазақ әдебиетінің тағы бір классигі және тағы бір жерлесіміз Бейімбет Майлин тағайындалды. Келесі 100 жыл ішінде газет атауын, графикасын, таралымын бірнеше рет өзгертті, бірақ әрдайым өзектілігі мен өз оқырмандарының сүйіспеншілігін сақтап қалды.

«Қостанай таңы» редакциясы орналасқан ғимаратта басылымның негізін қалаушы Б. Майлин мен М. Сералинге, 1966-1984 жылдары газет редакторы болған Бақытжан Жангисинге мемориалдық тақта орнатылған. Осы жылдың 17 маусымында олардың жанында Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, ҚР құрметті журналисі және Қостанай қ. құрметті азаматы Сәлім Меңдібаевқа арналған тағы бір тақта пайда болды. Ол 45 жыл газетте жұмыс істеді, журналистер буынының ауысуына куә болды, қиын кезеңде газетті басқарды.

Көрмеге «Қостанай таңы» газетінің тарихы бойынша бірегей материалдар, 1944 жылдан 2022 жылға дейінгі нөмірлердің жеке тігінділері, сондай-ақ газет бастауында тұрған Б. Майлинның, М. Сералиннің және басқа да мәдениет қайраткерлерінің кітаптары қойылды. Көрменің үлкен бөлімін С. Меңдібаевтың жеке кітапханасынан шыққан басылымдар құрайды, олардың көбі авторлардың – белгілі қазақ жазушылары мен журналистерінің сыйға тартқаны туралы жазуы бар басылымдар. Газеттің бүгінгі күніне арналған бөлімі де ерекше назар аударуға тұрарлық: онда оқырмандар қазіргі таңда «Қостанай таңы» редакциясында жұмыс істеп жүрген авторлардың өмірбаяндық мәліметтері мен туындыларын таба алады.

Көрме біздің облысымыздағы жетекші баспа басылымының дамуы, оның өткені, бүгіні және болашағы, оның бұқаралық ақпарат құралы ретінде ғана емес, сонымен қатар аймақтың мәдени өміріндегі құбылыс ретіндегі маңызы туралы жан-жақты көрініс береді.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus