Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Ұлттың ұлы ұстазы»
28.10.2022
2022 жылдың 27.10. Л. Н. Толстой ат. Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында көрнекті ақын, ағартушы, мемлекет қайраткері, Алаш партиясының мүшесі, ғалым, педагог, әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы, ұлттық жазудың реформаторы, түркітанушы, публицист Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына арналған «Ұлттың ұлы ұстазы» атты әдеби кеш өтті.
Әдеби кешті Ахмет Байтұрсынұлының бейнесінде өлеңді толғаныспен, шын жүректен оқыған І. Омаров ат. облыстық қазақ драма театрының әртісі Иманов Қабдол-Мәжит ашты.
А. Байтұрсынұлы ат. ҚӨУ филология ғылымдарының кандидаты К. М. Мырзағалиева Ахмет Байтұрсынұлының өмірі, шығармашылығы және әдеби мұрасы туралы айтып беріп, оның шығармаларына егжей-тегжейлі тоқталды.
Профессор А. А. Әбсадықов өз сөзінде Ахмет Байтұрсынұлының өзінің ұстаздық, оқытушылық және ғылыми жұмысымен педагогикалық және ғылыми қызметке зор үлес қосқанын атап өтті. 
№ 19 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г. Т. Крикпенова қазақ тілінің ерекшеліктері, терминдері, қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы айтып берді. Қазақ тілінің алғашқы оқулығы «Тіл – құрал» кітабына толығырақ тоқталды. Ол қазақ лингвистикасына, әдебиеттануына және оқыту әдістемесіне елеулі үлес қосқан А.Байтұрсынұлы шығармаларының маңыздылығын атап өтті. Қонақтардың баяндамалары ақпаратқа бай, танымдылық және ағартушылық тұрғысынан мазмұнды болды.
Әдеби кеште А. Байтұрсынұлы ат. ҚӨУ студенттерінің орындауында өлеңдер мен мысалдар оқылды. «Дәуірдің жарық жұлдызы» атты үлкен кітап көрмесі қойылып, бейнероликтер мен таныстырылымдар көрсетілді.
Іс-шара студенттер арасында үлкен қызығушылық тудырып, көпшілігі кітапханаға жазылуға тілек білдірді.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus