Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Барлығына мейірімді бола біл»
28.02.2023

27 ақпанда Алғыс айту күнін мерекелеу қарсаңында Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімі «Барлығына мейірімді бола біл» атты әңгіме сағатын өткізді. 

Іс-шара оқырмандар мен қонақтарды Алғыс айту күнімен құттықтаудан басталды. Жүргізушілер «Мәңгілік Ел» отаншылдық актісінің негізінде қарапайым, түсінікті және әр адам үшін құнды ақиқат: отбасының амандығы, қонақжайлылық пен еңбекқорлық, тұрақтылық, қауіпсіздік, бірлік пен ертеңгі күнге деген сенімнің жатқанын атап өтті.  

«Рахмет саған, менің Қазақстаным!» атты кітап көрмесінде қазақстандықтардың тарихы мен қазіргі өмірін, олардың мәдениетін, дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын көрсететін мақалалар жарияланған кітаптар мен мерзімді басылымдар ұсынылды.

Іс-шара қонақтары естеліктерімен бөлісіп, Қазақстанға қалай келгендері және оларға алғашында қаншалықты қиын болғандығы туралы әңгімеледі. Өз ата-анасының тарихымен Бракоренко Валентина Ивановна, Заболоцкая Елена Васильевна бөлісті.

Қазақ соқырлар қоғамының Қостанай филиалының әртістері: Смадиярова Гүлғайша, Жандарбеков Байқоңыр, Карпенко Александр, Карпенко Қадиша, Ерохина Наталья, сондай-ақ «Ивушка» хорының әншілері іс-шараға қатысушыларды өз шығармашылықтарымен қуантты. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus