Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Сәуір айының мерейгер жазушысы: Морис Дрюон
24.04.2023

Морис Дрюон 1918 жылы 23 сәуірде Парижде дүниеге келген. Француз жазушысы, француз академиясының мүшесі, Францияның Мәдениет министрі. Морис Париждегі әдебиет факультетінде оқыды.

Морис әдеби шығармашылыққа бейімділігін ерте көрсетті. 18 жасында жас жігіт мамандандырылған журналдарда жариялана бастады. 1938 жылы «Огненная туча» атты новеллалар жинағы жарық көрді. Соғыс жылдарында ол «Қарсылық» және «Азат Франция» қозғалыстарына қатысты, әскери тілші болды.

«Проклятые короли» атты әлемдік бестселлердің авторы.

Морис Дрюон – Екінші  дүниежүзілік соғыс кезінде француздар қарсылығының бейресми әнұранына айналған «Партизан әні» авторларының бірі. 2006 жылдың 8 желтоқсанында Францияның Мәдениет министрлігінің шешімімен «әннің» қолжазбасы тарихи ескерткіш болып танылды.

Морис Екінші дүниежүзілік соғыстың соңғы жылдарын Германия мен Эльзаста журналист ретінде өткізді, ал 1946 жылы Дрюонның өмірінде бетбұрыс орын алады – жас жігіт тек жазушылықпен айналысу туралы шешім қабылдайды. Осы кезде «Последняя бригада» повесін жариялайды, онда автор мемлекеттің ұлтшылдыққа ашық қарсы тұрмайтынын күйзеле жеткізеді.

50-ші жылдардың ортасына қарай Морис «Конец людей» циклін аяқтады, оның кейіпкерлері нақты кейіпкерлерден алынды. «Сильные мира сего» деп аталатын бірінші бөлімі авторға Францияның ең жоғары әдеби сыйлығы – Гонкуров сыйлығын алып берді.

Морис Дрюонның қаламынан «Александр Великий, или Книга о боге», «Дневники Зевса», «Дни людей», «Железный король», «Яд и корона», «Французская волчица» секілді шығармалар шықты.

1966 жылы Дрюон Француз академиясының мүшесі болды, он бес жылға жуық хатшы қызметін атқарды, өнер мен әдебиетті дамыту мәселелеріне жетекшілік етті, ал 2007 жылы Ресей Ғылым академиясы жазушыны өз қатарына қабылдады. Морис Франция парламенті мен Еуропарламенттің төменгі палатасының депутаты болып сайланды. Күнделікті шығатын Le Figaro газетінде өзінің бағанасын жүргізді, онда ол француз тілінің тазалығын жақтап мақалалар жариялады, осы үшін ол елдегі басты дерлік ағылшындарға қарсы тұлға болды.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus