Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Мамыр айының мерейгер жазушысы: Анатолий Степанович Иванов
05.05.2023

Анатолий Степанович Иванов 1928 жылы 5 мамырда Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха қаласында дүниеге келген.

Анатолий Степанович – жазушы, журналист, публицист, сыншы, сценарийші.

1946 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне оқуға түседі. 1950 жылы университетті бітіргеннен кейін Семей облыстық «Прииртышская правда» газетінде әдеби қызметкер болып жұмыс істеді. Ивановтың «Дождь» атты алғашқы әңгімесі «Крестьянка» журналында жарияланды. Ивановтың алғашқы кітабы «Алкины песни» әңгімелер жинағы болды.

1957 жылы Иванов Новосібірге қоныс аударып, Новосібір кітап баспасының редакторы болып жұмыс істейді. 1958-1964 жылдары «Сибирские огни» журналының бас редакторының орынбасары болды.

А. С. Иванов – «Повитель» (1958), «Тени исчезают в полдень» романдарының авторы, сол бойынша 1971 жылы осы аттас көп сериялы телевизиялық фильм түсірілді. «Вечный зов» (1963–1975), «Жизнь на грешной земле» романдары бар. «Вечный зов» романының алғашқы кітабы үшін А. Иванов 1971 жылы М. Горький атындағы сыйлыққа ие болды. Кеңес әдебиетінің дамуына қосқан зор үлесі үшін Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.

 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus