Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Отан қорғаушылар»
05.05.2023

5 мамырда Әмбебап оқу залы Отан қорғаушы күні қарсаңында «Отан қорғаушылар» атты отаншылдық сағатын өткізді.

Іс-шараға Қостанай облысы бойынша Ауғанстан ардагерлер кеңесінің төрағасы, әскери  іс-қимылдарға қатысушы М. Е. Жұбанышев, Таулы Қарабақ ардагерлері мен мүгедектерінің республикалық одағының төрағасы, әскери  іс-қимылдарға қатысушы Б. С. Амандосов, «Жауынгерлік бауырластық» ӘДӘ ардагерлер кеңесінің төрағасы, Ирак пен тәжік-ауған шекарасындағы әскери іс-қимылдарға қатысушы, запастағы подполковник Е. Е. Дұрыскелдинов, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің запастағы подполковнигі В. В. Вишняков, № 6697 әскери бөлімінің штаб бастығының әскерге шақырылушыларды іріктеу жөніндегі аға көмекшісі А. А. Табиев қатысты.

Кездесуге қатысушылардың өздерінің жауынгерлік жолдастары туралы, соғыстағы сынақтар туралы және батылдық пен ерліктің үлгісін көрсете отырып, барлық ауыртпалықтарды қалай бастан өткергендері жайындағы естеліктері жастардың қызығушылығын тудырды.

Сөз сөйлеушілер Отанға қызмет етудің сабақтастығы туралы айтып беріп, әскердегі қызмет туралы, кәсіби әскери маман дайындайтын оқу орындары туралы, осы әскери қызметшілерге тән қасиеттер мен облыстың әскери-патриоттық клубтарының жұмысы туралы жұртты қызықтырған сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап берді.

Іс-шара барысында «Отан қорғаушылар» атты кітап көрмесі безендіріліп, онда Қазақстан Қарулы күштерінің тарихы мен дамуы туралы әдебиеттер ұсынылды.


Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus