Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Мамыр айының мерейгер жазушысы: Сейдахмет Бердіқұлов
10.05.2023

Сейдахмет Бердіқұлов 1933 жылы 9 мамырда Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарақастек ауылында дүниеге келген.

Сейдахмет Бердіқұлов – кеңестік және қазақстандық жазушы, аудармашы, спорт журналисі.

Бердіқұлов – Қазақстан спорт журналистері федерациясының бірінші өкілі. Бердіқұлов шығармашылығының негізгі тақырыптары – жастар өмірі, спорт. Бердіқұловтың бірқатар шығармалары ТМД халықтары мен шет елдердің тілдеріне аударылған. Бердіқұлов Ш. Айтматов, Э. Хемингуэй, Дж. Лондон, А. Хейли, Н. Мейлердің шығармаларын қазақ тіліне аударды.

1956 жылы Киров атындағы ҚазМУ журналистика факультетін бітірді. 1955–1970 жылдары «Қазақстан пионері» (қазір «Ұлан») газетінің редакторы. 1970–1986 жылдары «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінің редакторы. 1986–1992 жылдары – «Жалын» баспасының директоры. 1992–1994 жылдары «Балауса» баспасының директоры.

«Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.

1994 жылдан бастап Қазақстан журналистері спорттық тақырыптағы үздік туындысы үшін Сейдахмет Бердіқұлов атындағы мемлекеттік сыйлықпен марапатталады. 1997 жылдан бастап Алматыда Сейдахмет Бердіқұловты еске алуға арналған шағын футболдан сайыс өткізіледі. Оның есімі Алматы қ. Алатау ауданы көшелерінің біріне берілген.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus