Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Кітап және қаламгер»
11.05.2023

Өлкетану әдебиеттері бөлімі кітап пен кітап оқуды ілгерілету жобасы аясында «Кітап және қаламгер» кітап көрмесіне арналған бейнесюжеттер сериясын жалғастыруда. Бұл жолы назарларыңызға қостанайлық белгілі ақын, жазушы және журналист Евгений Александрович Букиннің «Память» кітабын ұсынамыз.

Евгений Букин 1925 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысының бірінші жылында мектепті тастап, зауытта слесарь болып жұмыс істеді. Зауыттан майданға кетті. Үш рет жараланды. Екі рет «Ерлігі үшін» медалімен, «Германияны жеңгені үшін» медалімен, II дәрежелі «Отан соғысы» орденімен марапатталған. Соғыстан кейін жүргізуші болып жұмыс істеді. Мектепті және Орал педагогикалық институтын бітірді. Орыс тілі мен әдебиетінен сабақ берді. 1954 жылдан – «Ленинский путь» облыстық газетінің қызметкері. Үш поэтикалық жинақ шығарды. «Ветеран целины» деректі повесінің және бірнеше деректі фильмнің сценарийінің авторы.

Евгений Букиннің «Память» өлеңдер кітабын Қостанай облыстық комсомол комитеті 1957 жылы басып шығарды, кітап жас тың жерлерді игерушілерге арналған. Евгений Букиннің өлеңдерінде өзгерген тың, оның адамдары, туған өлкенің табиғаты бейнеленген. Евгений Букиннің табиғаты өз бетінше өмір сүрмейді, белсенділігімен ерекшеленеді, адамның іс-әрекеттерінің мәнін, жасампаз еңбеккердің рухани әлемінің сұлулығын тереңірек түсінуге көмектеседі.

Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер: https://www.youtube.com/watch?v=JK11WVLgpCQ  

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus