Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Андрей Рейзвихтің «Степь» кітабының тұсаукесері
11.05.2023

11 мамырда Л. Н. Толстой атындағы ҚОӘҒК қонақжайында қасіретке толы қиын жылдары өмір сүрген жерлестеріміздің өміріне негізделген Андрей Кокарович Рейзвихтің «Степь» кітабының тұсаукесері өтті.

Андрей Кокарович 1955 жылы 20 ақпанда Қостанай облысының Березовка ауылында Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақтың және Украинадан қазақ даласына жер аударылған неміс әйелдің отбасында дүниеге келген. Қостанай ауыл шаруашылығы институтын бітіргеннен кейін, жолдама бойынша Мурманск облысына аттанды. «Память Ленина» кеңшарының бригадирі, бөлімше басқарушысы болды, «Беломорский рыбак» балық аулау ұжымшарының төрағасы болып жұмыс істеді. Мурманск облысының аумағында жұмыс істейтін жиырмадан астам түрлі кәсіпорындар мен компаниялардың негізін қалаушы және құрылтайшысы болып табылады.

«Степь» кітабы – оның алғашқы үлкен әдеби шығармасы. Ол кітаптың бір бөлігін Л. Н. Толстой атындағы ҚОӘҒК сыйға тартты.

Тұсаукесерге автордың жерлестері, достары мен таныстары, Қостанайдың шығармашылық зиялыларының өкілдері, қаланың жоғары және орта оқу орындарының студенттері қатысты. Іс-шара оның барлық қатысушыларының шынайы қызығушылығын тудырды.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus