Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Әйел: жаңа ғасыр, жаңа бейне, жаңа рөл»
17.05.2023

Қазіргі қоғамдағы әйелдің рөлі қандай? Бұл сұрақты адамзат бар дәуірде қойып келеді. Бүгінгі әлемде, технология, прогресс, ашылу, эмансипация және феминизм әлемінде бұл мәселе ерекше өткір болып отыр.  

17 мамырда Абонементтер бөлімі гендерлік теңдік стратегиясы аясында «Әйел: жаңа ғасыр, жаңа бейне, жаңа рөл» атты беделді кездесу өткізді. Іс-шараға Әйелдер күштері альянсының Қостанай облысы бойынша үйлестіру кеңесінің мүшесі Жаңбыршина Қырмызы Сапарқызы шақырылды. Қонақ өзінің бүгінгі жетістігіне қалай жеткенін жария етті, мансапқа қалай жету керектігі жайында ой бөлісті, өмір жолындағы қиындықтарды қалай жеңуге болатындығы туралы ойын ортаға салды, сондай-ақ Әйелдер күштері альянсы туралы және бұл ұйым Қазақстан әйелдеріне қандай көмек көрсететіні туралы айтып берді. Іс-шара барысында таныстырылымдар мен бейнероликтер ұсынылды. Тыңдаушылар тақырыпқа үлкен қызығушылық танытты, қатысушыға сұрақтар қойды, ең белсенді болғандарға қонақ сыйлықтар берді. Іс-шара соңында барлық қонақ кітап көрмесін тамашалады, онда ұсынылған басылымдар Қазақстанның әйелдер күштері альянсының және еліміздің табысты әйелдерінің атқарып жатқан жұмыстары туралы ақпарат берді. Қонақтар пайдалы және танымдық ақпарат үшін ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus