Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Бар ғаламның жанарымен көрем мен»
23.05.2023

23 мамырда Л. Н. Толстой атындағы ҚОӘҒК өлкетану әдебиеттері бөлімі ақын, философ, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Мұратхан Шоқанмен «Бар ғаламның жанарымен көрем мен» атты шығармашылық кездесу өткізді.

Мұратхан Шоқан Қытай халық Республикасының Ақбелдеу ауылында дүниеге келген. Шыңжаң университетін «қазақ әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген. Ол туған ауылында, содан кейін әртүрлі мәдениет мекемелерінде мұғалім болып жұмыс істеді. 2001 жылы тарихи атамекені – Қазақстанға оралды. Қазіргі уақытта ҚР Ұлттық кітапханасында жұмыс істейді, «Жас қалам» әдеби бірлестігі жанындағы «Әдебиет әлемі» орталығына жетекшілік жасайды, «Тұлға-достық» қоғамдық қорының директоры болып табылады.

Қостанай жұртшылығы үшін бұл кездесу Мұратхан Шоқанмен болған алғашқы кездесу болды.  Оның барысында Мұратхан өзінің өмірі мен шығармашылығы туралы айтып берді. «Ақ қауырсын» әдеби клубының мүшелері оның өлеңдерін оқыды. Кітапхана қызметкерлері кітап көрмесін дайындап, онда автордың түрлі жарияланымдары жұрт назарына ұсынылды
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus