Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Үшінші мыңжылдықтың білімі»
11.08.2023

Әмбебап оқу залы мен Абонементтер бөлімі бірлесе отырып оқырмандар назарына «Үшінші мыңжылдықтың білімі» атты кітап көрмесін ұсынады.

Көрмеде педагогтардың озық тәжірибесі, ҚР Білім және ғылым министрлігінде әзірленген оқу-әдістемелік, нұсқаулық-нормативтік, ақпараттық-талдау материалдары жарияланған кәсіби мерзімді басылымдар ұсынылған. Бұлар «Открытая школа», «Педагог», «Современное образование», «Школьные технологии», «Профессионал Казахстана» және т.б. басылымдар.

Сондай-ақ көрмеден қазіргі мектептер жұмысының инновациялық бағыттарына арналған кітаптарды, цифрлық орта жағдайындағы білім берудің дамуын, жұмыстың негізгі бағыттарын және қазіргі жағдайда оның болашақтағы дамуын, инновациялық жобаларды, тартымды имидж жасаудағы жаңа технологиялардың рөлін, сондай-ақ жұмыстың ілгерішіл әдістері мен нысандарын қамтитын мәселелердің кең ауқымын қозғайтын кітаптарды көруге болады. Авторлар А. К. Мыңбаева мен З.М. Садвакасованың бірлескен оқу құралында білім берудің заманауи әлемдік тұжырымдамалары мен оқытудың инновациялық әдістері қарастырылады. Қазіргі педагогикалық технологиялар жайы  А.  Козыбайдың «Новые образовательные технологии» кітабында да талқыланған. Ж. А. Караевтың «Актуальные проблемы модернизации педагогической системы…» монографиясында оқу үдерісін технологияландыру мәселелері қарастырылады. Сондай-ақ көрмеде белгілі психологтар мен тәрбиешілердің кітаптары ұсынылған.

Бір ай бойы жұмыс істейтін көрмеге қатысуға шақырамыз.

 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus