Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Kostanay Book Fair»
18.08.2023

18 тамызда Қала күнін мерекелеу аясында Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы мен Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Kostanay Book Fair» екінші кітап көрме-жәрмеңкесінің салтанатты ашылуы өтті.

Алдындағы көрме-жәрмеңке ерекше табысты өтті және қатысушылардың ынта-ықыласын тудырды. Егер 2022 жылы Қостанайға бес баспаның өкілдері келген болса, 2023 жылы жәрмеңкеге тоғыз баспа келді.Олар – «Отбасы хрестоматиясы» (Алматы қ.),  «SHUǴYLAKІTAP» (Шымкент қ.), «QYR BALASY» (Астана қ.), «ZIYAT кітап дүкені» (Алматы қ.), «Qasym баспа үйі» (Қарағанды қ.), «Атамұра» корпарациясы және  «Мектеп» баспасы (Алматы қ.), «Издательский дом» (Қостанай қ.), «Қарлығаш» (Қостанай қ.).

Олардың стендтерінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі алуан түрлі тақырыптардағы үздік әдеби басылымдар қолжетімді бағамен ұсынылады. Мұнда балаларға, жастарға және ересек оқырмандарға арналған ғылыми, ғылыми-көпшілік, көркем және публицистикалық кітаптарды сатып алуға болады!

Көрме-жәрмеңкенің салтанатты ашылуында Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы басшысының м.а. Құралбек Бүркітбайұлы Атамұратов, сондай-ақ Қазақстан Жазушылар одағының Қостанай облыстық филиалының төрағасы Жанұзақ Аязбеков және «Отбасы хрестоматиясы» ҚҚ директоры Бағдат Құдияров сөз сөйледі.

 «Kostanay Book Fair» кітап көрме-жәрмеңкесі екі күнге созылады және көптеген мәдени-танымдық і-шаралармен: баспалар мен мерзімді басылымдардың өкілдерімен, белгілі ақындармен және жазушылармен, ғалымдармен және қоғам қайраткерлерімен болатын кездесулермен, кітаптың тұсаукесерлерімен, әуесқой әдебиетшілердің отырысы түріндегі жергілікті музыканттар мен ақындардың өнер көрсетулерімен сүйемелденеді.

 «Kostanay Book Fair» екінші кітап көрме-жәрмеңкесі – кітап сүйер қауым үшін, жазушылар мен баспагерлер үшін айтулы мереке, ол қазақстандық әдебиеттің, кітап баспасы мен кітапхана ісінің жетістіктерін айқын көрсетеді, қоғамда кітап оқуға, білімге, рухани құндылықтарға деген қызығушылықтың сақталып қана қоймай, жылдан-жылға артып келетінін дәлелдейді.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus