Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Қаламгер қазынасы»
26.09.2023

Абонементтер бөлімінде Қазақстандағы детектив жанрының негізін қалаушы, жазушы, журналист Кемел Тоқаевтың мерейтойына орай автордың өмірі мен шығармашылығына арналған «Қаламгер қазынасы» атты кітап көрмесі дайындалды. Көрменің көрнекті жеріне 5 томдық шығармалар жинағы, «Түнде атылған оқ», «Сарғабанда болған оқиға», «Солдат соғысқа кетті», «Соңғы соққы», «Тасқын» романдары қойылды.

Б. Қанапьяновтың «Шығармалар», Ж. Қорғасбектің «Мехнат һәм Хикмет», Ш. Елеукеновтің «Көп томдық шығармалар жинағы» және Қ-Ж. Тоқаевтың «Слово об отце» кітаптарындағы Кемел Тоқайұлы туралы естеліктерде ол шыншыл, ашық, ерекше мейірімді және қарапайым адам ретінде сипатталады.   Көрмені жазушының детективтік-шытырман оқиғалы және соғыс жанрдағы кітаптары:  «Искра», «Таинственный след»,  «Особое поручение», «Где они поселились» кітаптары және сюжеті өткір, қызықты басқа да басылымдары толықтырады.

2023 жылдың 25.09.–10.10. аралығында жұмыс істейтін көрмеге қатысуға шақырамыз.

 #Гидқазақстанға #ГидПоКазахстану


Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus